29
Тамыз

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасуда

29 тамыз 2025 жыл Атырау облыстық филиалы

2025 жылдың 29 тамыз күні «Ақ жол» демократиялық партиясының белсенді мүшесі, VII шақырылым Жылыой аудандық мәслихатының депутаты Р.С.Алмағамбетовтың ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Шара «АКС ЛТД» ЖШС-нің  ғимаратында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Ринат Серікұлы балалар мен олардың ата-аналарын Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойымен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мекемедегі және басқа да көмекке мұқтаж отбасылардың 30 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтарды табыстады. Бұл игі бастама балаларға оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп қана қоймай, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ал ата-аналар демеушілік көрсеткен мекемеге және оның басшысы Ринат мырзаға алғыстарын білдірді.

Акцияның негізгі демеушісі – «АКС ЛТД» ЖШС-і. Компания жыл сайын осындай қайырымдылық шараларына қатысып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. Осы жолы да көптеген оқушы жаңа оқу жылына дайындық кезінде қажетті көмектерін алды.

Мұндай игі істер жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашып, олардың білім алуға деген ынтасын арттыруға ықпал етеді. Алдағы уақытта да әлеуметтік маңызы зор бастамалар өз жалғасын тауып, еліміздің болашағы – өскелең ұрпаққа жан-жақты қолдау көрсетіле бермек.