27
Тамыз

“Мектепке жол” акциясы аясындағы қайырымдылық шаралары “Бар жақсылық балаларға” атты іс-шарада жалғасын тапты

27 тамыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Іс-шараға партия филиалының төраға орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова, партиядан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаттары Руслан Мырқалықов, Бауыржан Найзақұлов, партия филиалының Жастар кеңесінің төрағасы Қадыржан Есенов және әлеуметтік қолдауды қажет ететін көпбалалы аналар қатысты.

Сейсекүл Дүйсебайқызы “Ақ жол” партиясы республикалық “Мектепке жол” акциясы шеңберінде облыс аудандарында  іс-шаралар ұйымдастырылып, балаларға қуаныш сыйлап жатқанын атап өтті. Бүгінгі акцияда ақжолдық депутат Руслан Мырқалықов демеушілік жасап отырғанын жеткізді.

Руслан Мырсапарұлы ата-аналарға балаларына мектеп формасы және сабаққа қажет оқу құралдарын сатып алуы үшін әрқайсысына 50 мыңдық қаржылай сертификат тапсырды.

Сертификат арқылы ата-аналар Тараз қаласындағы “Айырылмас” сауда кешенінен оқу құралдары мен мектеп формаларын сатып ала алады.

“Қолдауларыңыз үшін партия көшбасшыларына, ақжолдық депутаттарға, рахмет! Руслан мырза жыл сайын көпбалалы, әлеуметтік қолдауды күтетін отбасыларға көмек көрсетіп тұрады. Былтыр да бір балама мектеп формасын алуға қаржылай көмектескен”, - дейді көпбалалы ана.