20 тамыз 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы
Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылындағы №51 орта мектептің 8 оқушысына
“Мектепке жол” акциясы аясында Іле аудандық мәслихатының депутаты, “Ақ жол”
демократиялық партиясының мүшесі Ботабеков Олжас Тоқанұлы мектеп құралдары мен
мектеп формасын табыстады. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды
қажет ететін балаларға жаңа оқу жылын толық дайындықпен бастауға мүмкіндік
беру.
