20
Қантар

Мемлекет басшысы «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевты І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Бүгін Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевты І дәрежелі «Барыс» орденімен салтанатты түрде марапаттады.

Аталған марапаттың ең жоғары дәрежесін иеленген Азат Перуашев енді «Барыс» орденінің толық кавалері атанды.