04
Маусым

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Орал қаласында Ту көтеру рәсімі өтті

4 маусым 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Орал қаласындағы ҚР Тұңғыш Президенті алаңында салтанатты Ту көтеру рәсімі өтті. Шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Төреғалиев, сондай-ақ елдік мүддені ту еткен азаматтар қатысты.

Іс-шараға “Ақ жол” ҚДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары А.Туркина, облыстық және қалалық мәслихаттағы ақжолдық депутаттар, сондай-ақ жастар қанатының өкілдері қатысты.

Көк Туымыздың көкте желбіреуі — бұл халқымыздың тәуелсіздігі мен тұтастығының, ерлігі мен елдігінің жарқын белгісі. Бүгінгі рәсім – ұлттық рухты көтеріп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің айшықты үлгісі болды.

“Ақ жол” партиясы әрдайым елдік құндылықтар мен ұлттық рәміздерді дәріптеуде белсенділік танытып келеді. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасатын болады.

Көк Ту – Тәуелсіздік нышаны, Елдігіміздің айғағы!