03
Сәуір

«Мемлекеттік сатып алу» заңының жобасы бойынша “Ақ жол” фракциясының көзқарасы

Құрметті әріптестер.

«Ақ жол» фракциясы бұл заң жобасын қолдайды.

 

Ол бизнестің мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде тап болатын бірқатар күрделі мәселені шешеді деп ойлаймыз.

«Ақ жол» фракциясы аталмыш құжат бойынша жұмыс істеген үш бағытты атап өтуге болады. Бұл:

- мемлекеттік сатып алу жүйесінде келісім мүмкіндігін шектейтін антикорупция шарасы;

 

- Жеке бизнесті мемлекеттің қатысуы бар кәсіпорындардың адал емес бәсекелестігінен қорғау бойынша шаралар; сондай-ақ

- Отандық өндірушілер мен отандық өнімді қорғау шаралары.

 

Бұған дейінгі кезеңде, 2020-21 жылдары "Ақ жол" фракциясы бірқатар оң шешімге қол жеткізе алғанын түсіну керек. Соның ішінде, квазимемлекеттік сектор мен "Самұрық-Қазына" қорының сатып алулары туралы заңға оффтейк-келісімдер құралының енгізілуі.

Президент Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, отандық тауар өндірушілер мен ШОБ-ты қолдаудың өзге де шарасымен қатар, әзірлеушілер бұл құралды да қазіргі заң жобасы енгізді.

Біз мұндай қадамды сөзсіз қолдаймыз және жоғарыда аталған үш бағытқа сай аталмыш құжаттың мықты тұсын дамытуға тырыстық.

 

1) «Ақ жол» фракциясының ұсынысы бойынша, жемқорлық үрдісіне қарсы күрес бөлігіне мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесін бұрмалауға тосқауыл қоятын түзетулер енгізілді.

 

Тәжірибе көрсеткендей, тапсырыс беруші өзіне «ыңғайлы» конкурс жеңімпазын алдын ала таңдап алатын мысал бар.

Бірақ, аяқ астынан басқа кәсіпкер жеңіске жетсе, мемлекеттік органдар конкурстың мұндай нәтижесін жойып жіберетін немесе бөлінген қаржыны «игерілмеді» деп жоғары бюджетке шұғыл қайтаратын мысал кездеседі.

Бұл байқау қорытындысы шыққаннан кейін де «қаржы тапшылығын» сылтауратып, келісім жасамауға мүмкіндік береді. Немесе келісім жасалса да, «қаржы жоқ» деп, орындаудан бас тарта алады.

Салдарынан бөлінген қаржының өзінде де маңызды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жылдарға созылып, бизнес қана емес, халық та зардап шегеді.

Осыған орай, «Ақ жол» фракциясы заңның 6-шы бабын тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқығы бар жағдайдың толық тізбесімен толықтыруды ұсынды. Атап айтқанда, барлық тиісті бюджетті нақтылау кезінде шығыс азайған жағдайда;  немесе мемлекеттік сатып алудың нақтыланған жылдық жоспарынан шығыстар алынып тасталса.

Келісімшарттардың ойда жоқта үзіліп, тоқтатылуы болмауы керек.

 

2) Әрі қарай. Жеке бизнесті квазимемлекеттік құрылымдардың бәсекеден тыс қысымынан қорғауға қатысты - заң жобасының 7-ші бабына біз енгізген норманы аса маңызды қадам деп санаймыз. Яғни, егер конкурсқа кәсіпкерлер тарапынан екі не одан да көп потенциалды қатысушы өтінім жолдаса, онда квазимемлекеттік кәсіпорынның өтінімі автоматты түрде қабылданбауы қажет.

Осылайша, өз бетінше және өз қаражатымен (және қайтару қажет несиемен) дамып келе жатқан кәсіпкерлерді мемлекеттің өздері тегін деп ойлайтын ақшасымен жұмыс істейтін квазимемлекеттік кәсіпорындардың жосықсыз бәсекесінен қорғау қажет деп санаймыз.

Әйтпесе, жеке кәсіпкерлік бастамалары, ең алдымен, шағын және орта бизнес бюджеттік қаржыландыруы, материалдық-техникалық базасы және әкімшілік ресурсы бар мемлекеттік компаниялармен объективті түрде ешқашан бәсекеге түсе алмайды.

Өкінішке қарай, кейінгі уақытта нарықтық экономикадан мемлекеттік-монополиялық экономикаға айналған экономиканы мемлекеттендіру кең етек алды.

Нарықтық, бәсеке ұстанымын қайтару керек, ал түзету бұл бағыттағы кішігірім болса да, өте маңызды қадам.

 

3) Келесі.  «Ақ жол» фракциясы отандық өндірушілердің мүддесін қорғау және өнім сапасының өсуін ынталандыру аясында мемлекеттік сатып алудың техникалық спецификациялық талабының жеткізілетін тауарлардың осы талапқа сай екендігін растау арқылы ұлттық стандарттардың нормасына міндетті сәйкестігі жөнінде 12-ші бабына түзету енгізді.

 

Салыстырмалы кестеде әлі талқыланып жатқан басқа да бастамаларымыз бен өзге әріптестеріміздің сауалдары бар. Екінші оқылымға дейін олар да оң шешімін табады деп үміттенеміз. Бұл заңның реттеу аясы ауқымды және  онда шын мәнінде аспектілер өте көп.

Аталмыш заң жобасын қолдаймыз және әріптестерді оны бірінші оқылымда қабылдауға шақырамыз.

Назарларыңызға рахмет.