26
Маусым

Меркі аудандық бастауыш партия ұйымында ақжолдықтармен кездесу өтті

26 маусым 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Кездесуде партияластар қатары жаңа мүдделестермен толықты. “Ақ жол” демпартиясы Меркі аудандық филиалында партия қатарына өтуге өтініш берген азаматтарға салтанатты түрде партиялық билеттері тапсырылды.

Алдымен Меркі ауданында "Ақ жол" Демократиялық партиясының белсенді мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Жиынға аудандық филиалдың үйлестірушісі Серік Амангельдинұлы Мақажанов төрағалық етті.

Кездесу барысында Серік Мақажанов партияның басты саяси ұстанымдары мен бағдарламалық бағыттарын кеңінен түсіндіріп, оның ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, партияның қоғамдағы оң бейнесін қалыптастыру жолында әрбір мүшенің белсенділігі қажет екенін атап өтті.

Жиын соңында партия қатарын жаңадан толықтырған сегіз азаматқа салтанатты түрде партиялық билеттер табысталды. Жаңадан қабылданған мүшелерге сәттілік тілеп, олардың алдағы уақытта партия жұмысына белсене араласатынына сенім білдірілді.