10
Қантар

Меруерт Қазбекова Бурабай ауданының кәсіпкерлерімен кездесті

«Ақ жол» ҚДП-ның Ақмола облыстық филиалы, 2017 жыл. 10 қантар

Меруерт Қазбекова Ақмола облысының Бурабай ауданында болып, кәсіпкерлерімен кездесті.

Алдымен ол «Сәкенов ЖК» кәсіпорнында өндіріс ырғағымен жан-жақты танысты. Бұл кәсіпорын  негізінен балаларды тамақтандырумен  айналысады. 

Сонымен бірге, кәсіпорын директоры Біләл Сәкеновтың айтуынша,  өздері де дайын өнім шығарумен айналысады. Оған арнайы сауда маркеті жұмыс істейді. Бұл курортты қаладағы ең ірі сауда нүктелерінің бірі саналады.

Ал, кәсіпкер Екатерина Жукова басқаратын «Веста Бурабай» тігін салоны да осы заманғы құрал-жабдықтармен жарақталған. Мұнда киімнің неше түрі тігіледі. Оқушыларға арналған  және арнайы киімдер де көздің жауын алады.  Кәсіпкер өндірісін кеңейтуді ойлап отырғанын жеткізді.

Өз кезегінде Меруерт Қазбекова «Гранд» бағдарламасы аясында кәсібін кеңейтуге болатынын және оған қол ұшын беруге уәде етті. Туристік бизнес енді даму жолына түскен бұл өңірде инновациялық өндіріс орындарын көптеп ашу маңызды екенін де атап көрсетті.

Бұл өңірдегі жұмыс сапарын Бурабай ауданының әкімі Төлеген Ташмағамбетовпен болған кездесуімен түйіндеді. Онда әкім өңірді дамытудың келешегі жайлы хабардар етті. Кәсіпкерлікке де кең өріс ашылғанын айтты.