08
Маусым

Меруерт Смағұлова Гюлнар Баяхметованы кәсіби мерекесімен құттықтады

8 маусым 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының ШҚО филиалы төрағасының орынбасары Меруерт Смағұлова жеңіл өнеркәсіп саласының ардагер маманы, дизайнер, технолог-конструктор Гюлнар Баяхметованы кәсіби мерекесімен құттықтады.

Гюлнар ханым — ұлттық стильде тапсырыспен киім тігетін шебер, қазақ биі ансамблін де киіндіреді. 30 жылдан астам еңбек өтілі бар. Еңбек жолын «Рассвет» тігін фабрикасының эксперименттік цехында суретші ретінде бастаған.

Өз ісіне адал, ұлттық мұраны киім арқылы дәріптейтін маман ретінде ол – жас буынға үлгі.

Жеңіл өнеркәсіп – ел экономикасының маңызды саласы. Бұл күн – мыңдаған тігінші мен дизайнердің, технолог пен қолөнер шеберлерінің еңбегін бағалау күні.