7 наурыз 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Мұхтар Шимиров қоғамдық
қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдады.
Қабылдау барысында келген азаматтардың бірі жалдамалы пәтер ақысын төлеуге
көмек сұраса, екіншісі азық-түлікпен қамтамасыз етуді өтінді. Мұхтар Шимиров
тұрғындардың өтінішіне түсіністікпен қарап, сол сәтте-ақ қаржылай көмек
көрсетті. Ал үшінші азамат жеке мәселесі бойынша сұрақ қойып, оған толыққанды
жауап алды.
Сонымен қатар, қабылдау кезінде екі азамат «Ақ жол» партиясының қатарына
қосылып, ресми түрде мүшелікке өтті. Депутат Мұхтар Шимиров жаңа партия мүшесін
құттықтап, сәттілік тіледі.