12
ақпан 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы
Алаштың біртуар арысы марқұм Жүсіпбек
Аймауытов «Тәрбие басы - тіл» деген екен.
Ана тіліміз халқымыздың ең құнды рухани
байлығы һәм ұрпақтан-ұрпаққа амант болған баға жетпес асыл мұрамыз.
Бүгін қаламыздағы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов
атындағы кітапханада Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы Ұлытау облыстық филиалының
конференциясы өтті. Айтулы жиынға аймағымыздың құрметті азаматтары мен Ұлытау
облыстық мәслихаттың депутаттары, тіл жанашырлары, ұлағатты ұстаздар қауымы,
балабақша қызметкерлері, кітапханашылар, мәдениет пен өнер саласының өкілдері
қатысты. Алғаш Жезқазған қаласында қазақ
тілінің намысын қорғап, жоғын түгедеп, қоғамын құрып, ана тіліміздің қадірін
асқақтатқан, 90 жылдардың басында сүйікті қаламыздың көшелеріне бір мезетте 50-дің
жобасында өңірге еңбегі сіңген тұлғалардың есімімен көше атауларын берілуіне
барлық мекеме-ұйымдардың қазақылануына, мектеп, балабақшалардың ашылуына
атсалысқан бірегей ағамыз, ұлт жанашыры, ҚР Ұлттық Құрылтай мүшесі Төлеген
Нұрмағанбетұлы солбір өткен күндерден керемет естелігімен сол кезде ана
тілімдің төрге озуына белсенді атсалысқан замандастарының еңбектерін атып, бүгінде нақты атқарылуға тиісті жұмыстар
туралы ойын ортаға салды. Өз кезегінде Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты,
«Ақ жол» ДП белсенді мүшесі, ел жанашыры Бекзат Дайрабайұлы тәрбие тал бесіктен
басталатынын баса айтып, тың идеяларын айтып өтті. Басқа да конференцияға
қатысушылар тіл төңірегінде өздерін толғандырып жүрген ойларын жеткізді. Ұлытау
облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Мағжан
Табылдин алда бірлесіп атқарылатын жұмыстарға тоқталып, бар жағынан қолдайтынын
айтты.