06
Шілде

Мұхтар Әуезов университетінде үздік студенттер марапатталды

6 шілде 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде үздік студенттерді марапаттау кеші өтті. Салтанатты шарада түрлі факультеттердің оқу озаттарына арнайы дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.

Аталған шараға «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Батырбек Мырзакелдіұлы Аширбаев құрметті қонақ ретінде шақырылды.

2015 жылы  Болашақ бағдарламасымен АҚШ-тың Pennsylvania State University университетінде «Экономика» және «Статистика» мамандықтары бойынша білім алып, оқуын үздік дипломмен аяқтаған.

Батырбек Аширбаев кездесу барысында өз тәжірибесімен бөлісіп, табысқа жетудің басты құралы – сапалы білім мен еңбек екенін атап өтті.

– Мен осы университеттен үлкен өмірге жолдама алдым. Бүгін марапатталған студенттер – еліміздің болашағы. Біз оларға сенеміз, – деді Батырбек Мырзакелдіұлы.

Салтанатты кеш университет ректорының құттықтау сөзімен ашылып, шығармашылық өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.