05
Сәуір

Санат жоқ 05.04.2013

Депутат Меруерт Қазбекова Тараз қаласының сайлаушыларымен кездесуде

5 сәуір 2013 жыл, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының баспасөз қызметі

ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Тараз қаласының Жұмыспен қамту орталығы, «Ер Төстік» бала бақшасы, «Энерджи-Тараз» ЖШС-і мен облыстық балалар ауруханасының ұжымдарымен кездесу өткізді.
Кездесулер барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары кәсіпорындар  ұжымдарымен талқыланды. Ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау, зейнеткерлік  заңнамасындағы өзгерістер, гендерлік саясат туралы мәселелер көтерілді. Аталған мәселелер бойынша пікір алмасулар болды.
М. Қазбекова Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» ҚДП фракциясының қызметі  туралы баяндап, сұрақтарға жауап берді.