Азат Перуашев: СІМ қазақстандық ақшаның Кипрде бар жоғын анықтауға міндетті, бұл жағдайды қолдана отырып, заңсыз шығарылған ақшаны елге қайтарып, адал кәсіпті қорғау керек
3 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Азат Перуашев: СІМ қазақстандық ақшаның Кипрде бар жоғын анықтауға міндетті, бұл жағдайды қолдана отырып, заңсыз шығарылған ақшаны елге қайтарып, адал кәсіпті қорғау керек – бугін Премьер–министрге Азат Перуашев депутаттық сауалғында мәлімдеді.
ҚДП фракциясының көшбасшысы ескеруінше, ҚР Президентінің «2050 жылға дейiнгі Қазақстанның даму стратегиясы» Қазақстан халқына жолдауына сәйкес, сыртқы саясаттың басымдылығы айрықша прагматикалық принциптерге негізделген ұлттық мүдделерді ілгерілету болып табылады. Сонымен бірге, ҚР Конституциясында Республика азаматы өз мемлекетінiң қорғауында болатыны анықталған.
Қазiргi уақытта азаматтардың мүліктік құқықтарын сорақы бұзу, мүмкін тіпті мемлекеттiк қорғауға мұқтаж Қазақстанның ұлттық экономикалық мүдделеріне қысым жасау болып жатыр.
Белгiлi болғандай, дағдарысқа қарсы шаралар барысында Кипрде бұл елдiң билiктерімен жергiлiктi банктердегi iрi депозиттерiнiң сомасынан 80% нақты тәркiлеу туралы бұрын-соңды болмаған шешім қабылданған.
Бұл шешiм, елдің мемлекеттiк бюджеттің тапшылығын кипрлік банктерге өз жинақтауларын сеніп тапсырған басқа елдің салымшыларының есебінен жабуын көрсетеді.
БАҚ-ғы мәлiметтерге сәйкес, қазақстандықтардың және қазақстандық компаниялардың Кипрдегі ақшалай қаржылары 1 миллиардтан астам евроны құрауы мүмкін.
Бұл қайдағы ақшалар, нақты қай біздің отандастарымызға немесе кәсiпорындарына тиесілі екендігі, олардың қаншалықты таза еңбекпен тапқаны жалпы көпшілікке әзірше белгісіз. Осыған байланысты, бұл қаржылардың бiр бөлiгiнің шығу тегінің сыбайлас жемкорлық та болуы мүмкін екенін естен шығаруға болмайды. Солай болғанның өзінде де біздің елімізден ұрланған бұл ақшаларды Қазақстанға қайтару керек. Бұл деген жүздеген салынбаған мектеп, аурухана, балабақша, мыңдаған шақырым салынбаған жол.
Егер бизнесте таза еңбегімен табылған қаржы туралы әңгіме болса, онда біздің мемлекет өзінің азаматтарын, оларды басқа бір мемлекеттің тарапынан ашықтан-ашық тонаушылығымен бетпе-бет қалдырмай қорғауы тиіс.
Сонымен қатар, кипрлік банктердегі есепшот ұстаушылардың ішінде сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындар және ұлттық компаниялардың болуы да мүмкін. Мәселен, анықталып отырғандай бірқатар ең iрi ресейлiк мемлекеттiк компаниялардың есеп шоттары болған, сол Кипрдегі банкілер арқылы транзакция және мәмiлелер жүргізген.
Сондықтан, заңсыз тәркіленген қазақстандық азаматтардың жеке қорлары ғана емес, және бiздiң мемлекетке қарасты кәсіпорындарға тиесілі қаржының да болу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды,- деп осыған байланысты Азат Перуашев мәлімдеді.
«Ақ жол» партиясы, Үкімет және СІМ болып жатқан жағдайлардың бетін ашып қана қоймай, оған Қазақстанының қатынасын да анықтау қажет, әрі қазақстандық бизнестi қорғауы тиіс, сондай-ақ осы жағдайды, бұрын коррупционерлермен заңсыз шығарылған ақшаларды есепке ала отырып қазақстандық қаржыларды елге қайтару және ұлттық экономикаға құю үшiн пайдалану керек, Кипрдің пайдасына жататын тәркiлеудегі сома шамамен 160 милрд. теңгені құрауы мүмкін.
«Қазақстанда көрсетілген ақшаны жұмсайтын біздің өзіміздің де проблемаларымыз бар шығар» - деді Азат Перуашев.
Мұндай мәселені қою үшін барлық құқықтық негіздер бар деп есептейді фракция депеутаттары. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес меншікке заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды.
Кипр Республикасының Конституциясына сәйкес ешқандай да салық, баж немесе кез-келген түрдегі мемлекетке төлемдердің кері күші болмайды.
«Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының» 17-бабында әркім мүлікті иеленуге және кез-келген мүлкінен айырудан қорғауға құқығы қарастырылған.
«Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы» Еуропалық конвенцияның N 1 Хаттамасының 1-бабында әрбір жеке немесе заңды тұлғаның өз меншігін құрметтеу құқығы танылады.
Ресей Федерациясының ресми органдарының еуроаймақ елдерінің және Кипрдің шешімдерін «әдiлетсiз, кәсiби емес және қауiптi» деп атап, өз азаматтарының және өз елінің экономикалық мүдделерін қорғауға кірісуі кездейсоқтық емес, - деп «Ақ жол» белгілеп көрсеткен.
Ресейлік БАҚ-ы бұл мәселе бойынша үкіметтің адам құқықтары жөніндегі халықаралық сотқа, халықаралық экономикалық арбитраждарға және өзге де халықаралық органдарға жүгіну ниеттері жайлы хабарлайды. Дәл осы уақытта ҚР Конституциясының 11-бабында Республика өзiнiң шегінен тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бергеніне қарамастан не қазақстандық СIМ-і, не бiздiң үкiмет болып жатқан жағдайларға көңіл аударған жоқ.
Осыған байланысты демократиялық фракция депутаттары Үкіметті Қазақстандық кәсіпорындардың, банктердің, ұлттық компаниялардың және ҚР азаматтарының Кипр оффшорлық аймақтарында депозиттері бар ма, олардағы ақшаның сомасы қанша және 80% тәркілеуде олардың ішіндегі қанша сомасы Қазақстан үшін жоғалады соны хабарлауын сұрайды.
Егер де, Бұл ақшаларды заңсыз жолмен алынған деп бағамдауға негіз бар ма, бiздiң мемлекеттің құқығын мәлімдеу және елімізге оларды қайтаруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып.
Соңында, Қазақстанның адал азаматтарының және Кипрдегі қазақстандық компаниялардың мүдделерін қорғау үшiн үкiмет қандай шаралар қабылдауды қарастыруда.
Сауалға парламент фракциясының депутаттары Азат Перуашев, Екатерина Никитинская, Азамат Әбілдаев, Меруерт Қазбекова, Нұрлан Жазылбеков, Талғат Ерғалиев, Алмас Тұртаев қол қойды.
Сауал жарияланғанан соң, «Ақ жол» ҚДП фракиясының төрағасына тілшілерден Ұлттық Банк басшысы бұл тақырып бойынша берген комментариіне сүйенген сауал түсті. Григорий Марченконың айтуы бойынша, қазақстандық азаматтар мен компаниялардың Кипр банктерінде депозиттері жоқ. Оған Азат Перуашев былай жауап берді:
-Марченко мырза Ұлттық Банктың мониторингтік мәліметтеріне сүейенетіні ықтимал. Ал бұндай шетелдік банктерге қаражат аударымдары тікелей аударымдар арқылы емес, яғни офшорлы аймақтар және аралық төлемдер арқылы жүргізілетіні де құпия емес. Сондықтан да, тек кипрлық ақпарат көздерінен сауал арқылы алынған мәліметтер түспейінше, кипр үкіметінің шешімдері біздің азаматтарымыздың мүддесіне тимейді деп айтуға ерте.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыруды және қазақстандықтардың мүдделерін қорғауда өз жұмысын жалғастыра береді.