«Ақ жол» ҚДП фракцисының депутаты Меруерт Қазбекова Тараздың оқу орындарында студенттермен және оқытушыларымен кездесті
4 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары аймақтардағы сайлаушылармен көшпелі кездесулер өткiзуде. «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаты Меруерт Қазбекова Тараз қаласында «Әулие-Ата» университетiнің және «Парасат» колледжінің профессорлық-оқытушылық ұжымымен және студенттерiмен кездесті.
Сондай-ақ кездесуге облыстық және қалалық әкiмшiлiк өкiлдері және партияның Жамбыл облыстық филиалының партия белсенділері де қатысты.
Меруерт Қазбекова Мәжiлiстiң жұмысы туралы әңгiмеледi, зейнетақы жүйесiндегі өзгерiстерге, мәселен, Бiртұтас зейнетақы қоры және әйелдердің зейнетақы жасын сәйкестендіру жұмыстарының қағидаларына егжей-тегжейлі тоқтады, сонымен бiрге ҚР-ғы гендерлік саясат туралы ақпараттармен таныстырды.
Сонымен қатар, депутат «Ақ жол» ҚДП парламенттiк фракциясының Парламент Мәжiлiсiндегі ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанындағы қызметiнің нәтижелерi туралы сайлаушыларды хабардар етті.
Кездесулердiң қорытындылары бойынша ҚДП фракциясының депутатына оқытушылар және студенттер сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.