Депутат Нұрлан Жазылбеков Қостанай облысындағы сайлаушылармен өткізген кездесуден кейін жұмыс сапарымен Алматы облысына келді
8 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде депутат Нұрлан Жазылбеков Қарасай ауданы Ұмтыл ауылдық округінде болып жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
Округ әкімі Гүлжан Салықбаеваның төрағалығымен өткен депутатпен кездесуге мектеп директорлары, дәрігерлер, ғалымдар, ауыл ақсақалдары қатысты.
Ауыл тұрғындарының алдында сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты қазіргі кезде депутаттардың қарауында жатқан және қоғамда кең тараған мәселелерге көңіл аударды. Депутат зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша, ішкі істер органдары туралы заң жобалары бойынша «Ақ жол» ҚДП фракциясының ұстанымдары туралы айтып берді.
Нұрлан Жазылбеков барлық жеке зейнетақы қорларын бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына біріктірудің қажеттілігіне қатысты түсініктеме берді.
Сондай-ақ, халық қалаулысы былтырғы жылы Грециядағы халықаралық олимпиаданың жүлдегерлерін оларды марапаттау ретінде ұлттық бірыңғай тесті тапсырудан босатуды үкімет соңғы сәтке дейін қарастырғанмен, олардың қазақстандық ЖОО-на грантқа түсе алмай қалғандарына қатысты бір топ депутаттар Премьер-министрдің атына сауал жолдағанын хабарлады. Алайда, Грецияда өткен олимпиада ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген жалпы білім беру пәндері бойынша былтырғы жылғы республикалық және халықаралық тізімге кірмегендіктен, бұл оқушылар ҰБТ-ны тапсыруға толық дайындалуға үлгермегендіктен жеткіліксіз балл жинады. Сондықтан, Нұрлан Жазылбеков жерлестерімен кездесуде Алматы облысында дарынды балалар үшін орталық ашудың қажеттілігіне тағы да аса назар аударды. Оны мектеп директорлары да қолдады. Мәселен, Әл-Фараби атындағы дарынды балалар үшін мамандандырылған гимназияның бірінші басшысы Нағима Сағатова мұндай мекемелер әр облыста бар, осы уақытқа дейін орталық тек бізде ғана жоқ деп атап көрсетті.
Ауылдастары депутат Жазылбековпен баяғыда пісіп жетілген округтегі аурухана құрылысы, сондай-ақ жолдарды жөндеу, сумен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді талқылады.