31
Қантар

Санат жоқ 31.01.2014

Азат Перуашев: «Ақ жол» партиясы жоюды талап еткен жалған кәсіпкерлік үшін бап ақырында Қылмыстық кодекстен алынып тасталды

31 қаңтар  2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі.
«Ақ жол» партиясы қаншама жылдар бойы жоюды талап етіп келген жалған кәсіпкерлік үшін бап ақыр аяғында жаңа Қылмыстық кодекстен алынып тасталды – бұл туралы қазақстандық демократтардың көшбасшысы өткен сәрсенбіде өткен Мәжілістің пленарлық отырысында Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясының жобасын талқылау барысында айтты.
«Соңғы 6-7 жыл бойы бизнес-қауымдастық та, «Ақ жол» партиясы да, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да ҚР ҚК-нің «Жалған кәсіпкерлік» үшін 192-бабын жоюды табандылықпен талап етіп келген, ол бойынша салық берешектері алаяқтардан емес, адал кәсіпкерлерден өндірілген. Бұл алаяқтармен, олардың контр-серіктесімен ғана емес, содан кейін тіпті бұл контр-серіктестердің контр-серіктесі болғандарымен шарт жасағандарды  өтіп кеткен күндермен жазалау және айыппұлдар салу проблемалардың жауған қардай көбеюіне әкелді. Сонымен қатар, қайта есептеулер және айыппұлдар заңсыз деп табылған нақты мәмілелер бойынша емес, мұндай компаниялардың барлық қызметі бойынша жүргізілген. Бұл дағдарыс кезеңінде көптеген кәсіпорындардың қаржылық ахуалына қатты кесірін тигізді, ал кейбіреулерін банкроттыққа дейін жеткізген болатын» - деп Азат Перуашев көп жылғы даудың алдыңғы тарихын еске салды, және:
- Біз әрқашанда алаяқтарды жазалауды талап етеміз және талап етіп келеміз. Бірақ, олардың қарыздарын адал кәсіпкелердің мойнына асып қоюға болмайды, осындай алаяқтарды салықтық есепке қою туралы куәлікті салық органдарының өзі бергеніне кім сенді.  Дегенмен, көп кідірістен кейін болса да, ақыр аяғында парасатты ой жеңіске жетті.
            Осыған байланысты, «Ақ жол» партиясының көшбасшысы үкіметтің және Бас прокуратураның атынан заң жобасын әзірлеушілерге бизнестің және парламенттік фракциялардың пікірлерін ескергендері үшін алғысын білдірді. Сондықтан, ҚДП фракциясы Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясын бірінші оқылымда  қолдайтыны туралы мәлімдеді.
            Рас, «Жалған кәсіпкерлік» үшін бап құжаттан алынып тасталғанына қарамастан,  заң жобасының басқа баптарында (214-216 баптар) салық бойынша берешектерді адал бизнеске арта отырып, осыған ұқсас құқық бұзушылықтарды бұрынғы мағынада түсіндіруге мүмкіндік беретін тұжырымдама сақталған.
            «Осыған байланысты барлық мүмкін күмәндар екінші оқылымда алынып тасталады деп есептейміз – деп мәлімдеді Азат Перуашев – және осы баптардың  редакциясына салық органдары мен қаржы полициясы екі жақты  түсінік бере алмайтындай  етіп қабылдау керек. Біз қылмыс үшін басқа біреу емес, ал нақты тікелей қылмыс жасаған тұлға жауап береді деген анық түсінік беруге тиіспіз. Бірақ, жаза сонымен қатар барабар және бұлтартпайтындай болуы тиіс».