«Ақ жол» партиясының Орталық кеңсесінде Словакияның Христиандық-демократиялық партиясындағы және АҚШ-тың Ұлттық Демократиялық Институтындағы әріптестерімен кездесу болды
7 наурыз 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Шетелдік қонақтарды «Ақ жол» ҚДП төрағасы Азат Перуашев, ҚР Парламентіндегі партиялық фракцияның депутаттары Екатерина Никитинская, Алмас Тұртаев, Нұрлан Жазылбеков, Меруерт Қазбекова, сондай-ақ Партияның орталық кеңесінің хатшысы Абдразақ Сұлтанов және Фракция аппаратының жетекшісі Айгүл Рупатова қабылдады.
Кездесу барысында АҚШ-тың Ұлттық Демократиялық Институтының бағдарламалық директоры Эми Шульц айтқандай, делегация сапары парламенттің сайлаушылармен жұмысын жақсарту жөніндегі NDI бағдарламасы шеңберінде өтеді. Қазақстандық демократтар көшбасшысы Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының және парламенттік фракцияның жұмысы туралы айтып берді. Словакия Парламентінің депутаты, Христиандық-демократиялық партиясы (Словакиялық демократиялық және христиандық одақ) төрағасының орынбасары Иван Штефанек СДХО партиясының бағдарламасының бизнес-қауымдастықты, интелегенцияны қолдау, азаматтық құқықтарды қорғау сияқты өзекті бағыттары – «ақжолдықтардың» қызметіне жақынырақ екенін атап өтті.
Тараптар әңгіме барысында парламенттік оппозиция мен биліктің өзара іс-әрекеті, сыбайлас жемқорлықпен күрес және т.б. мәселелер жайлы талқылады.
«Ақ жол» партиясының депутаттарын Еуроодақ елдеріндегі әлеуметтік саланың және экономиканың басым салаларындағы сараланған жанама салық салу тәжірибесі қызықтырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «Ақ жол» және Словакияның Христиандық-демократиялық партияларының арасында ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді. Азат Перуашев СДХО депутаттық фракциясын Қазақстанға келуге шақырды.