«Жетім көрсең жебей жүр, қазақтар жетімдерін ауыл болып бірге көтерген» - Азат Перуашев авиаапаттан ұлы, келіні және олардың кіші баласы қаза тауып, ал екі баласы жетім қалған алматылықтардың отбасына барды.
2013 жылдың 5-інші ақпаны, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Баршаға мәлім, Көкшетау - Алматы бағытындағы сапарды жүзеге асырған ұшақ еліміздің оңтүстік астанасының маңайында апатқа ұшырады. Авиаапат 21 адамның өмірін қиды, олардың әрқайсысының жақындары үшін бұл өте ауыр қайғы. Алайда, тағдыр бір отбасыға айрықша ауыр соққы жасады, сұм ажал әкесін, анасын және кіші баласын қас-қағым сәтте жалмады.
Болған апаттың қан қақсатқан ауыртпалығы мен қатты күйзелісін бөлісе отырып, Азат Перуашев және оның әріптестері Қазбек Иса және Ерлан Барлыбаев өткен жұмада осы отбасыға барды.
Ажал құшқан Ғалымжан Дүйсенов, оның жұбайы Индира Рахымбек және олардың біржарым жастағы ұлы Бекжан Бақытжан Көкшетаудан сол сапардан қайтып келе жатқан, онда Ғалымжанның кішігірім бизнесі болған.
Өмірден екі бірдей ата-анасын және кішкентай бауырын алып кеткен апаттан кейін Дарын (12 жаста) және Алина (10 жаста) тұл жетім болып қалды.
Азат Перуашев Ғалымжан мен Индираның туыстарына апаттан болған қасірет мыңдаған қатардағы қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырып кеткенін атап өтті, орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. «Сіздердің бастарыңызға түскен ауыр қайғыны ешқандай сөзбен азайту мүмкін емес, сіздердің балаларыңыздың опат болуы адам төзерлік жағдай емес, бұл әділетсіздік»,- деді ол, Ғалымжанның анасы Салиха-апаға,- бірақ сізге балаларыңыздың артында қалған тұяқтарын - немерелеріңізді ата-аналарының атына лайық етіп өсіру үшін өзіңізді сақтау керек»
Қайғыдан қан жұтқан еңбегі сіңген адам, ІІМ ардагері Салиха Құлахметова апат салдарынан Ғалымжанның балалары оларға әке-шешесі беретін жарқын келешегінен айрылатын болды деп мұңын шақты.
Өз кезегінде, Азат Перуашев балалардың өмірі және оқуы үшін, олардың келешекте жақсы білім және жұмыс алуын қалыпты жағдайлармен қамтамасыз ету бойынша қажетті көмек жасауды ұсынды.
«Қазақтар жетімдерін жебеп жүрген, мұндайды тек аттөбеліндей ағайынның қасіреті деп түсінбей, бүкіл ауыл бірге көтерген. Сондықтан да біз сіздерді өз қайғыларыңызбен бетпе-бет қалдырмаймыз, барлық мүмкіндіктерді жасап, қолдан келгенше көмектесеміз» - деп атап көрсетті Перуашев.
Ол Салиха-ападан қаражат жинау үшін Дарын мен Алинаның атынан есепшот ашып қоюды сұрады және оған миллион теңге аударатынын хабарлады. Азат Перуашев сондай-ақ бұл жағдайда балаларды қолдауға көптеген басқа қазақстандықтар да қол ұшын береді деп үміттенетін білдірді.
Көз жасымен үзіліп қалып отырған ауыр әңгіменің барысында қаза болғандардың туған-туыстары депутатқа олардың ауыр қайғысына айылын жимай мейірімсіз қатігездік көрсеткендерге ашу-ызасын білдірді. Олар қайғылы апат болған жерде тонаушылық та орын алғанына сенімді. Мәселен, өлгендердің саусақтарынан үйлену тойынан бастап шешпеген неке жүзіктерін алып кеткен. Белгісіз біреулер әйелдің құлақтарындағы сырғаларын сыпырып алған. Мүрдехана қызметкерлері оларға мәйіттердің сол кезде-ақ үптеп кету түрінде келгендігін айтып, жауап берді. «Мәселе тіпті де алтын да емес – деп еңіреп жылады отбасында – бірақ ар-ұят деген қайда, мұндайға барғандардың адамгершіліктері қайда?»
Оның үстіне, теледидар арналары бойынша қаралы отбасының жанын жаралап, жүрегін ауыртқан фото және бейнетүсірілімдерінің кадрлары көрсетілді, олар мұны апат орын алған жерден жоғалған ерлі-зайыптылардың мобилді телефондарынан түсірілгеніне сенімді болып отыр. Депутат А.Перуашевтің осы телеарнаның басшылығына шұғыл хабарласқанынан кейін жағдай анықталды, кадрлар эфирден алынып тасталды.
Азат Перуашев отбасының шағымдары мен өтініштері бойынша, ең алдымен, жетім қалған балалардың одан арғы тағдырына қатысты мәселелерді шешуге барынша ықпал етуге уәде берді.
Теңгемен есепке алу үшін реквизиттер:
Ақша аудару үшін өз әріптестеріңізге келесі реквизиттерді берулеріңізді сұраймыз:
“Казкоммерцбанк” АҚ
Алматы қаласы
БАСК KZKOKZKX
ЖСН 491025400481
Д/шот KZ779261802362509000
Т.А.Ә. ҚҰЛАХМЕТОВА САЛИХА ӨМІРЗАҚҚЫЗЫ