14
Ақпан

Санат жоқ 14.02.2013

«Ақ жол»: Ең төменгi зейнетақы орташа еңбек ақының жартысынан кем болмауы керек

14 ақпан  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Ең төменгi зейнетақы орташа еңбек ақының жартысынан кем болмауы керек – «Ақ жол» оның ең төменгі мөлшерін алатын топ үшін - кеңес кезіндегі ауылшаруашылық қызметкерлерінің зейнетақы мөлшерін қайта қарауды ұсынады. Бұл туралы Азамат Әбілдаев Мәжілістің пленарлық отырысында жолданған фракцияның депутаттық сауалында мәлімдеді.
А.ж. 1 қаңтарынан бастап ең төменгi зейнетақы базалық зейнетақы мөлшерінен  9 % көбейді, нәтижесінде қазіргі уақытта ол 28 396 теңгені құрайтыны белгілі.
Депутат келтірген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі таңда ең төменгі зейнетақы алатындардың саны 43 204 адамды құрайды, олардың көбі кеңестік кезеңде ауылшаруашылығында жұмыс істеген қарапайым жұмыскерлер.
 «Практика бойынша өркендеген елдерде, зейнетақы мөлшері әдетте орташа еңбек ақының жартысына жуығын құрайды – онда бұл, егер Қазақстанда орташа еңбекақы 100 мың теңге болса – зейнетақы  50 мың теңгеден төмен болмауы керек екенін көрсетеді, - деді Әбілдаев».
 «Ақжолдық» депутат көрсетілген топтың зейнетақысын керекті деңгейге дейін көбейтуге 11,1 млрд. теңге (74 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі шығынды қажет етеді деп есептейді.
 «Біз, өз алдына дамыған отыз елдің тізіміне кіруді мақсат етіп қойған мемлекеттің бюджетінен мұндай қаражат табылмайды деп ойламаймыз. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалау үшін өздерінің жастығын берген азаматтарымызға біз қамқор болуымыз керек. Бүгінде олар ең төменгі зейнетақы алады, ал кезінде еліміздің өркендеуіне және дамуына күш-жігерін аз жұмсаған жоқ. Көбінесе солардың қажырлы еңбектерінің арқасында Қазақстан тәуелсіздіктің қалыптасуындағы қиыншылықтарды еңсерді және қазір дүниежүзілік қоғамдастықпен танылып отыр», - деп атап көрсетті Азамат Әбілдаев.
 «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және сайлаушылардың аманаттарын орындау жұмыстарын жалғастыра береді.