Үлескерлерді мәжбүрлеп үйден шығару тоқтатылды - тұрғындардың бастамашыл тобы шығарылушылардың құқығын қорғауына көрсеткен қолдауы және белсенді жәрдемдескені үшін«Ақ жолдың» депутаттарына ризашылығын білдірді
4 ақпан 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Үлескерлерді мәжбүрлеп үйден шығару тоқтатылды – бұл туралы Қазақстанда парламентаризмді дамыту Қоры хабарлайды.
Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Ақ жол» ҚДП Қоғамдық қабылдауында фракция депутаттары А.Перуашев, Н.Жазылбеков, А.Тұртаев, Т.Ерғалиев үлеске кіру шарты бойынша бір ғана тұрғын үй алған басқа азаматтардың мүддесіне орай екі немесе оданда көп пәтері бар 36 үлескерлерді шығару туралы сот шешімдерін орындау шеңберінде «Алтын ғасыр», «Байқоңыр», «Европейский» және «Үміт» тұрғын үй кешендерінен мәжбүрлемелі түрде үйден шығарылып жатқан тұрғындардың бастамашыл тобын қабылдағанын еске саламыз. Қақаған қыстың суығында азаматтар балаларымен, зейнеткерлер, мүгедек жандар, жүкті әйелдер пәтерлерінен шығарылған, сонымен қатар бастамашылар тобының айтуынша, сот актілерін орындау барысында сот орындаушылар тарапынан негізсіз күш көрсету, соққыға жығу және өзге де денеге зақым келтірулер орын алған.
Фракция депутаттары азаматтардың конституциялық құқықтарын қолдайтындарын айтты және сол күні-ақ «Ақ жол» ҚДП төрағасы А.Перуашевтің қолымен ҚР Президенті Әкімшілігіне, Бас Прокуратураға және Әділет Министрлігіне тиісті үндеулер жолданды. Әрбір нақты жағдайды тиянақты қараудың және мәжбүрлемелі түрде үйден шығару жағдайында қорғауға кепілдік беретін құқықтық нормаларды сақтаудың қажеттілігі туралы тиісті ақпараттық хабарлама ҚДП баспасөз қызметімен БАҚ-ына таратылды.
Келесі күні-ақ үлескерлерді мәжбүрлеп үйден шығару тоқтатылды - тұрғындардың бастамашыл тобы шығарылушылардың құқығын қорғауда көрсеткен қолдауы және белсенді жәрдемдескені үшін «Ақ жол» ҚДП парламенттік фрациясының мүшелеріне ризашылығын білдірді. Алайда, әзір мәселе түпкілікті шешімін тапқан жоқ.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы жағдайды қадағалауды жалғастыра береді.