21
Тамыз

Санат жоқ 21.08.2014

«Ақ жол» партиясының төрағасы А.Т.Перуашевтың Атырау қаласына іс-сапары

21.08.2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметі
 
«Ақ жол» ҚДП көшбасшысы Азат Перуашев өзінің Атырау қаласында болған іс-сапарында «Атырау-Жарық» АҚ жұмысшы-қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге келгендер түрлі сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Өз кезегінде Атырау облыстық филиалының кеңсесінде болған төраға партиядан сайланған мәслихат депутаттары, партия белсенділері мен саяси кеңес мүшелері, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдерімен жүздесті. Мәслихат депутаттары Т.Мұхатанов, С.Ерубаев, партияның саяси кеңесі мүшесі Б.Жұбанов, облыстық ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы А.Жакиев сияқты кәсіпкерлер өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтып, түрлі сауалдарына жауап алды.
Сондай-ақ, партия төрағасы екі азаматты қабылдап, олардың мәселелерінің шешілуіне мұрындық болды.
Сонымен бірге ол облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болып, ондағы жәдігерлермен танысты. Мұражай қызметкерлерімен кездесіп, оларға «Ақ жол» парламенттік фракциясының жұмысы туралы мәліметтер берді. Кездесуге қатысқандар өз қызметтеріне сай аманаттарын айтты.
Мәжіліс депутаты шаруалар қожалығының жетекшісі В.Розметовтың ешкі шаруашылығында болып, оның жай-күйімен танысты. Партия төрағасы В.Розметовқа ауыл шаруашылығын дамытудағы қадамдарына сәттілік тіледі.
            Іс-сапар соңында ҚДП көшбасшысы Азат Перуашевтан облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газетінен екі сұхбат алынса, «Қазақстан-Атырау» телеарнасынан іс-сапар жөнінде екі көрсетілім эфирге ұсынылды.