24
Ақпан

Санат жоқ 24.02.2014

«Ақ жол»: «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасын уақыт және нарық экономикасының талаптарымен жетілдіруге қол жеткіздік

24 ақпан 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Азат Перуашев өткен сәрсенбіде Мәжілістің пленарлық отырысында   «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылау барысында заңды уақыт және нарық экономикасының талаптарымен жетілдіруге  қол жеткіздік деп мәлімдеді.
«Бұл заң жобасы үлкен сынақтан өтті – ол Парламентке енгізуге дейін екі жыл талқыланды. Мәжіліс қабырғасында  талқылаулардың қызу өткені сонша, БАҚ беттерінде  өткір талқылаулар жиі орын алды, - деп атап өтті А.Перуашев. – Дегенмен нәтижесінде азаматтық қорғауды құқықтық реттеуді нақты жақсартатын құжат пайда болды».
Іс жүзінде  - бұл әзірлеушілермен ұсынылғанның орнына қайта өңделген мүлдем жаңа заң – деп түсіндірді Перуашев, - кеңестік кезеңнен келе жатқан 6 бытыраңқы заң бірегей сәйкестендірілді және жаңартылды. Құрылым толығымен өзгертілді, жаңа нормалар және түсініктер енгізілді, мемлекеттік органның тұрғындармен және жеке кәсіпорындармен ара-қатынасы реттелді. Депуттармен ұсынылған 1,5 мың түзетулердің 713-і (!) қабылданды, осының өзі атқарылған жұмыстың көлемін көрсетеді. Осы түзетулердің едәуір бөлігіне (150-ге жуығына) «Ақ жолдың» депутаттары бастамашылық жасаған болатын.
Түзетулерді қабылдау заң жобасының тұтастай бөлімдерін, мемлекеттік органдардың өкілдіктерін, азаматтық қорғау шараларын, осы саланы бақылау және қадағалауды және өзге де көптеген нормаларды өзгертуді және өңдеуді талап етті. Депутаттардың белсенді қатысуымен жобаның құрылымын, аппараттық ұғымын өзгерту, ТЖ алдын алу, ТЖ жою, және ТЖ салдарларын жою сияқты міндеттерге айқын қызметтік шектеулер және бірмағыналы түсініктемелемелер беру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.
ҚДП фракциясының жетекшісі Парламент Мәжілісінің жұмыс тобының жетекшісі Анатолий Пепенинге, әртүрлі фракциялардан жұмыс тобының мүшелерінің барлығына және  заң әзірлеушілерге заң жобасымен жұмыс істеген кезде көрсеткен өзара түсіністіктері, төзімділіктері және кәсіпқойлықтары үшін  ризашылығын білдірді және  әріптестерін құжатты екінші оқылымда қолдауға шақырды.
Заң жобасы бірауыздан қабылданды.