10
Ақпан

Санат жоқ 10.02.2014

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы жыл сайын өтетін «XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық байқауының шарттарына өзгерістер енгізгенін хабарлайды.

«XXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ
    Байқаудың басты мақсаты – Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын тарату.
    Байқауға қатысуға Алаш мұрасына қызығушылық танытып, осы тақырыпта ғылыми зерттеулермен және публицистикамен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы барлық ізденушілер шақырылады.
    Байқау үш кезеңнен, төрт номинация бойынша өткізіледі.
Номинациялар:
1. «Алаш» қозғалысы идеяларының мемлекет құрылысындағы,  демократиялық құндылықтардағы және қазіргі Қазақстан қоғамының еуропалық жолды таңдаудағы сабақтастығы;
2. «Алаш» қозғалысы көшбасшыларының еңбектеріндегі экономикалық көзқарастарының өзектілігі, қоғамды әлеуметтік  жаңғыртудың мәселелері және осы идеяларды қазіргі заманғы Қазақстанда дамыту;
3. Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер;
Арнайы номинация:
4. Жоғарыда аталған кез келген тақырыптар бойынша орыс тіліндегі және басқа Қазақстан этностарының тілдеріндегі үздік зерттеу немесе жарияланымдар.
 
Кезеңдер:
         1 кезең: жазбаша жұмыстарды (эссе, шығармалар) сырттай іріктеу. Байқау жұмыстары ағымдағы жылдың 1-ші қазанына дейін қабылданады. Ұсынылатын жұмыстардың көлемі 12 беттен аспауы тиіс
    Жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, байқаудың арнайы қазылар алқасы екі аптаның ішінде әрбір номинация бойынша 10 үміткерден іріктеп алады, олар екінші, бетпе-бет кездесетін пікірсайыс кезеңіне қатысуға шақырылады. 

        2 кезең: 1-інші кезең жеңімпаздарының бетпе-бет пікірталастары. 1-ші кезеңнің қорытындылары шығарылғаннан кейін 1 (бір) айдың ішінде өткізіледі. Бетпе-бет кездесетін пікірсайыстар барысында үміткерлер әр номинация бойынша өзінің байқау жұмысын қорғайды, одан кейін сұрақтарға жауап береді, басқа баяндамаларды талқылауға қатысады. Пікірталастар әрбір номинация бойынша бөлек өтеді.
    Пікірталастар қорытындылары бойынша әр номинациядан               2 үміткерден финалдық сатыға – байқаудың 3 кезеңіне қатысу үшін іріктеліпалынады. 
    3 кезең: Алаш Орданың («Алаш» үкіметінің) құрылуының жылдығы (13 желтоқсан) қарсаңында «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық конференциясы аясында өткізіледі. 2-ші кезеңнің жеңімпаздары баяндамалармен сөйлейді және сұрақтарға жауап береді. Талқылаудың қорытындылары бойынша байқаудың басты марапаттарының иегерлерін арнайы қазылар алқасы анықтайды.
    Конкурс материалдары жеке басылыммен жарияланатын болады.
 
Байқаудың жүлделік қоры 3 млн. теңгені құрайды.
Жалпыұлттық пікірсайыстардың жеңімпаздары мен лауреаттары үшін келесі сыйақылар белгіленеді:
 - 1-ші кезеңнің лауреаттары (әр номинация бойынша 10 үздік жазбаша жұмыстар) – 25 мың теңгеден;
-   2-ші кезеңнің жеңімпаздары үшін (әр номинация бойынша 2 үздік үміткер) – 100 мың теңгеден;
-  3-ші кезеңнің әр номинация бойынша жеңімпаздары үшін – 250 мың теңгеден.
  Байқаудың бетпе-бет пікірсайыстар кезеңдерінің (2; 3 кезеңдер) қатысушыларының іссапар шығындарын «Ақ жол» ҚДП төлейді. 

     1-ші кезеңге қатысу үшін байқау жұмыстары ««ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» белгісімен 010000 Астана қаласы, Сарыайшық көшесі, 11-үй, №5 кеңсесіне «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы Орталық аппаратының мекен-жайына немесе alash_akzhol@mail.ru; yranym-alash@mail.ru электрондық поштамен жіберілсін.