15
Қазан

Санат жоқ 15.10.2014

«Ақ жол»: Аграрлық-өнеркәсіптік сектордың өзекті мәселелерін шешу үшін мемлекеттің қаржылық-кредиттік саясатын жақсарту қажет

 2014 жылдың 16 қарашасы,«Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Аграрлық-өнеркәсіптік сектордың өзекті  мәселелерін шешу үшін мемлекеттің қаржылық-кредиттік саясатын жақсарту қажет –бұл жайында Мәжілістің кешегі пленарлық отырысында Светлана Кадралиева айтқан болатын.
 «Экономиканың шынайы секторы қаржыландырудың қол жетімді тұрақты көзі болмаса жетіле алмайды. Өкінішке орай, Қазақстанның тек кейбір стратегиялық маңызды секторлары ғана бүгінгі күні әлемдік ойыншылар мен таяудағы көршілерге қатысы бойынша бәсекеге қабілетті жағдайда. Бұл мұндай салалардың жетілуін төмендетеді және жалпы еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін, - делінген премьер-министр К.Масимовтың атына жазылған фракцияның депутаттық сауалында. – Мұндай жағдайға аграрлық сектор да ұшырап отыр. Өнімділік мәселелері, бәсекелес емес логистикалық құраушы және бұл бизнестің жоғарғы капиталдық сыйымдылығы бұл секторге қарыздық жүктеме әкелді».
 Сонымен қатар, АӨК-нің өзекті мәселелерінің бірі ретінде банктік кредиттеу мен жеке инвестициялар есебінен қаржылардырудың жеткіліксіз екендігін депутат атап айтты.
 «Қазіргі таңда банктік сектор аграрлық мекемелерді кредиттеуді жүзеге асыруға еш қызығушылық танытпайды, бұл ең соңында басқа қаржыландыру көздері болмаған кезде ауыл шаруашылығының төмендеуіне әкеліп соғады, сонымен қатар ЕДБ саясатына түрлі факторлар да әсер етеді. Яғни, ең алдымен Ұлттық банктің қаржылық-кредиттік саясаты бойынша оларға 5,5%  қайта қаржыландыру мөлшерлемесімен қарыз ұсынады», - деді С.Кадралиева.
Одан басқа да, ең алдымен банктік секторға Халықаралық валюталық қормен ұсынылған халықаралық қаржыландыру жүйесі де әсер етеді. Яғни, МВФ АҚ принципі бойынша әр қатысушы мемлекет өзінің капиталдағы үлесінің шеңберінде Қор қызметіне әсер етеді. Яғни, ірі кредитор-мемлекеттерде ең көп дауыс болғандықтан, сәйкесінше, олар «тапсырысты да береді» және басқа мемлекеттерге экономикалық және саяси қысым көрсету үшін пайдалануға мүмкіндік алады.
«Құрылымдық емес, жүйелік сипатқа ие дағдарыстық құбылыстардың  жоғарылауының жаһандық экономикада бақылануын есепке ала отырып, қаржылық-кредиттік саясатты мемлекеттің,  сонымен қатар қаржыландырудың ішкі көздерінің  басты қаржылық реттеуішісі ретінде жетілдіру қажеттілігі туындап отыр», - деп санаймыз.
Шешімді талап ететін сұрақтардың ішінде жеке кәсіпкерлерге, Қазақстанның соттық жүйесіне, инвесторларға деген сенімнің төменгі деңгейі және құрылысқа рұқсат алумен байланысты әкімшілік кедергілер де бар.
Қазақстанның инвестициялық зерттеулерінің мәліметтеріне сәйкес 2013 жылы (Buildingabetterworkingworld) жеке құқықты және инвестициялардың қауіпсіздік кепілдігін сақтауға қатысты қауіп орын алады. Осыған орай, шетел инвесторлары тұрақты түрде құқық нормаларының бір қатарлы емес интерпретациясы және оларды таңдау бойынша қолдануда түрлі жағдайларға ұшырап жатады.
«Doing Business»-ке сәйкес, «құрылысқа рұқсат алу»  позициясында  Қазақстан «мәртебелі» 145 орынды алады. Онымен қоса, Қазақстанда қызмет етуші инвесторлардың  50%-ында үлкен жаңартуды қажет ететін жеткіліксіз дамыған көліктік-логистикалық орын алады.
Осыған қатысты, «Ақ жол» депутаттары Премьер-министрге ауыл шаруашылығы мәселелерін шешу бойынша шаралар қолдану керектігі жөнінде ұсыныспен шықты. Онда: «Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасын 3-3,5%-ға дейін төмендету; МВФ-пен серіктестік шарттарын қайта қарастыру; жұмысшы заңнаманы жетілдіру, сонымен қатар салықтық, сот жүйесі, әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша және т.б. бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда бұл қадамдар дұрыс бола алады» деп санайды.
 
  «Ақ жол» ҚДП-ның Парламенттік фракциясы сайлау алдындағы  тұғырнаманы жүзеге асыру және отандық бизнесті қолдау бойынша жұмыстарын жалғастыруда.