Азат Перуашев: Орта бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік органдардың ұстанымдары Президенттің тапсырмаларымен түбегейлі қарама-қайшы
4 наурыз 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Орта бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік органдардың ұстанымдары, Президенттің шағын және орта бизнесті де қолдау туралы айқын және кесімді тапсырмаларына тікелей қарама-қайшы – бұл туралы Азат Перуашев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында мәлімдеді.
«Егер Президент шағын және – атап айтамын! – орта бизнеске қолдауға нақты шаралар қабылдауды ұдайы талап етсе, үкіметтік құрылымдар болса қасарысып, осындай қадамдарды шағын кәсіпорындармен ғана шектейді, не орта бизнес туралы естігілері келмейді. Заңнамаға жеңілдіктер тек шағын бизнес үшін енгізілуде: бұл салық кодексіне, мемлекеттік сатып алу туралы заңға, «Жеке кәсіпкерлік туралы» бейінді заңға және қандай да бір қолдау шараларын қарастыратын кез-келген актілерге қатысты болып отыр», - деп атап көрсетті «Ақ жол» партиясының жетекшісі.
Шағын бизнеске – негізінен сауда-саттық, қызмет көрсету салалары және шаруа қожалықтары жатады. Оларда мемлекеттік қолдауға зәру, себебі маңызды әлеуметтік тапсырмаларды шешеді, жүздеген адамдарды жұмыспен қамтиды.
Ендеше, өңдеу кәсіпорындарын және орта бизнесті қолдаудың маңыздылығы одан сайын арта түседі, оларсыз экономиканы индустрияландыру және технологиялық дамыту, ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін жеңу мүмкін емес. Ал, кез-келген дайын өнімді шығарушы өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары, жабдықтарының құнымен және өндіретін инфракұрылымдарына байланысты объективті себептермен – шағын кәсіпорындар шеңберіне кірмейді және орта компаниялардың деңгейінен басталады.
«Еуроодақта да, ДСҰ-на мүше-елдерінің көпшілігінде, тіпті Кедендік Одақ бойынша біздің әріптестеріміз – Ресей Федерациясы және Беларуста да шағын бизнес субъектілерін ғана емес, орта кәсіпкерлікті қолдау заңнамалық деңгейде шешіледі және жүзеге асырылады», - деп атап өтті А.Перуашев және Президенттің Индустрияландыру күнінде айтқан сөзінен дәйексөз келтірді: «Егер үкімет барлық министрлерімен бірге мен айтқан – шағын және орта бизнесті қолдаумен айналысатын болса – оларға құрмет пен мадақ болар еді».
Президент Назарбаев ағымдағы жылы бизнесті қолдауға 1 трлн. теңге бөле отырып, бұл ақша өндірістік салаларға берілуге тиіс екенін ерекше атап өтті. Бірақ, қолданыстағы барлық заңдар бойынша өндірушілер емес, бөтен елдің тауарларын импорттаушы сауда-саттық қолдау көріп отыр. А.Перуашевтің айтуынша, үкіметтік шенеуніктер өңдеуші кәсіпорындарды жеңілдіктер мен преференцияларды алушылардың қатарынан ыждағаттылықпен сызып тастауға тырысады. Нәтижесінде – Президент үнемі талап етіп отырған ел экономикасын 50 %-ға өсіруге тиіс ШОБ, үлес қосудың орнына соңғы 10-15 жылда бір орыннан қозғалмай тұр.
«Ақ жол» партиясының көшбасшысы 19 желтоқсандағы шағын және орта бизнесті қызметінің алғашқы жылдары тексеруден босату туралы депутаттық сауалды еске салды, онда Үкімет «шағын кәсіпкерлік субъектілерін ғана... тексерулерден босату бойынша ұстанымды ұстау орынды» деп жауап берген».
А.Перуашев бұл бір ғана жағдай емес, мемлекеттік органдардың принципті ұстанымы, бұл Президенттің шағын және орта бизнесті де қолдау туралы тапсырмаларына тікелей қарама-қайшы келеді деп есептейді. «Осындай алысты болжамаушылықтың басқа да жағымсыз салдарлары бар: біз шағын бизнесті одан ары қарай орта және ірі бизнеске өсуге жібермейміз. Кәсіпкерге салықты аз төлеу үшін, бір қызметті ЖК желілеріне бөліп-бөліп жіберу тиімдірек, - дейді ол. Бұл іс жүзінде, Президенттің биылғы Жолдауында маңызды міндеттердің бірі ретінде белгіленіп берілген онсыз экономиканың инновациялық және технологиялық дамуы мүмкін болмайтын бизнесті жаңғыртудан және ұлғайтудан; инвестициядан бас тартуды білдіреді».
«Президент Н.Назарбаевтың бизнесті қолдау туралы бастамасын іс-әрекеттеріне тікелей басшылық ретінде, ал бизнестің проблемаларын жеке жауапкершілік ретінде қабылдай отырып, ҚДП «Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасын дербес әзірледі және 31 қаңтарда үкіметке жіберді. Онда жоғарыда атап көрсетілген ШОБ-ті қолдаудағы үйлеспеушіліктерді, сол сияқты осы саладағы басқа мәселелерді шешу ұсынылады. 28 ақпанда Әділет министрлігінде өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында мен осы заң жобасын таныстырдым, және біз жеке заңның орнына оның нормаларын әзірленіп жатқан Кәсіпкерлік кодексіне арнайы тарау етіп енгізуге келіскен болатынбыз», - деп атап өтті А.Перуашев.
.