27
Қазан

Санат жоқ 27.10.2014

«Ақ жол» делегациясы ҚХР-на Қытай компартиясы орталық комитетінің шақыруымен барып қайтты

2014 жылдың 27 қазан, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
2014 жылдың 23-нен 26 қазаны аралығында Қытай компартиясының орталық комитетінің халықаралық бөлімінің шақыруымен «Ақ жол» партиясы делегациясының Қытай Халық Республикасына сапары болды. Партияның орталық кеңесінің, аймақтық филиалдарының басшылығынан, Парламенттегі фракция  депутаттарынан құрылған делегациясын партия төрағасы Азат Перуашев басқарды.
Сапар аясында Халық өкілдерінің жалпықытайлық жиналысы тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Алекен Еминбахэ мырзамен, Қытай компартиясының орталық комитетінің халықаралық бөлімінің, Индустриялдық экономика Жалпықытайлық федерациясының, жеке сектор үшін Қытай сауда палатасының басшылығымен, бірқатар бизнесмендермен кездесулер өткізілді. Тараптар партияаралық ынтымақтастық мәселелерін және екіжақтың сауда-экономикалық қатынастарының даму барысын талқылады.
Өткізілген кездесулер барысында бірқатар маңызды тақырыптар көтерілді, соның ішінде: инвест жобаларды жүзеге асыру аясындағы өзара визалық режимді жақсарту қажеттігі, транс шекаралық өзендерді қолдану проблемасы, Қазақстанның мұнай-газ секторындағы қытайлық инвесторлар қызметінде қазақстандық компаниялардың мүдделерін ескеру мәселелері, қазақстандық экономиканың Кедендік одақ және ЕАЭО аясындағы ерекшеліктері, 2008 жылғы Пекинде Олимпиада өткізудің табысты тәжірибесі және 2010 жылғы Шанхайдағы ЭКСПО көрмесі, Гонконгтағы жағдай. Депутат А.Перуашевтің Президент Н.Назарбаевтың шет ел инвесторлары Кеңесінің жазғы отырысында айтқан, инвестицияны қорғау бойынша Қазақстанның жаңа шаралары жайындағы, сонымен қатар дамудың ҮИИМДБ индустрияландыру бағдарламасы аясында кәсіпорындарға көрсетілетін преференциялар туралы   ақпараты жергілікті бизнес өкілдерінің ерекше қызығушылығын тудырды.
Пекиннен кейін, «Ақ жол» партиясының делегациясы Тяньцзин қаласында болып қайтты, ол ҚХР солтүстік бөлігіндегі ірі өнеркәсіптік орталық болып табылады. «Ақжолдықтар» ҚХР Тяньцзинск қалалық комитетінің басшылығымен кездесті, сондай-ақ экологиялық технология компаниясында болды.
Қазақстандық демократтардың көшбасшысы қытайлық компанияларды Қазақстан мұнай-газ секторына ғана емес, сонымен бірге өңдеуші салаларға да ақша салуды ұсынды. Бұған байланысты, бизнесмендер тобымен ҚР жеңіл өнеркәсібіне инвестициялар тартудың перспективалары талқыланды.
Шанхай қаласында Нұрлан Жазылбеков ҚХР оқып жүрген қазақстандық студенттермен кездесу өткізді. Бұл кездесу барысында ҚР консулдығында депутат парламент фракциясының заң шығарушылық қызметін, азаматтар өтініштерімен, депутаттық сауалдармен жұмыстың кейбір нәтижелері туралы айтты, студенттер сұрақтарына жауап берді.
Сапар соңында, Азат Перуашев Қытай компартиясының орталық комитеті Халықаралық бөлімінің басшылығын және Қытайдың іскер топтарының өкілдерін ынтымақтастықты жалғастыру үшін  Қазақстанға жауап сапармен келуге шақырды.