10
Желтоқсан

Санат жоқ 10.12.2014

«Ақ жол» Бас прокуратураға су қоймаларына ерікті қол жеткізудің бар болуына тексеру жүргізу ұсынысымен шықты

2014 жылдың 11 желтоқсаны, «Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі
«Ақ жол» Бас прокуратураға су қоймаларына ерікті қол жеткізудің бар болуына тексеру жүргізу ұсынысымен шықты– кеше Талғат Ерғалиев Мәжілістің пленарлық отырысында Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың атына депутаттық сауалын жариялады.
«2014 жылдың 2 қыркүйегінде Парламенттің төртінші сессиясының ашылуында Президент Н.Назарбаев тұрғындар ұшырасатын, біздің күнделікті проблемаларымыз туралы ұмытпауымызды ерекше атап өтті, - деп айтылады сауалда. – Су қоймаларын, олардың жағажайлық телімдерін жеке меншікке беру ауыл тұрғындарын барлық жерде ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін су қоймаларына еркін қол жеткізе алмауына алып келді. Жеке меншік су қоймаларының айналасына әртүрлі қоршаулар салынған, шлагбаумдар орнатылған, күзетшілері бар және басқа тыйымдар салынған. Ал  біздің еліміздің ауыл тұрғындарының үлкен бөлігі көбінесе мал өсіру, қосалқы шаруашылық жүргізу есебінен өмір сүреді, және соңғы кездері су қоймаларына қолжетімділік болмағаннан кейін суат проблемасына тап болуда».
Ерғалиев ҚР Конституциясының 6 бабының 3 тармағы туралы еске салды, онымен жер және оның қойнауы, сулары, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігі болып белгіленген. Жер сондай-ақ заңмен бекітілген шекте негіздемелер, шарттармен жеке меншікте бола алады.
ҚР-ның Жер кодексіне сәйкес, жердің және су қоймаларының жеке иегерлері жалпы қолданыстағы нысандарға, суды тартуға және суаттарға жер учаскесі арқылы еркін өтуіне кедергі келтірмеуі, жер телімі арқылы мал өткізуге бөгет болмауы керек.
«Бұдан басқа, жеке меншік су қоймаларының иелері іс жүзінде балық өсірумен айналыспайды, жағажайлардың тұрақты санитарлық тазартуын жүргізбейді, ал мұндай шараларды өткізу өте қажет», деп қосты депутат.
Қалыптасқан жағдайға байланысты, «Ақ жол» ҚДП-ның депутаттық фракциясы Бас прокуратураға көтерілген мәселелер бойынша тексеру жүргізу  ұсынысымен шығып отыр. Қазіргі уақытта су қоймаларын белсенді қолдану маусымы аяқталып қалғандықтан, депутаттар келесі маусым басталғанша су қоймаларының ревизиясын өткізуді, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда прокурорлық шаралар қабылдауд талап етеді.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру бойынша және сайлаушылардың аманаттарын орындау жұмысын жалғастырады.