26
Желтоқсан

Санат жоқ 26.12.2014

Ақ жолдың отырысы

2014 жылдың 26 желтоқсаны, «Ақжол» ҚДП-ның ШҚО  филиалы
      ШҚО орталығы Өскемен қаласында Желтоқсанның 6 күні партияның ШҚО филиалының төрағасы Құрманғалиев Талғат Тілебалдыұлы және төраға орынбасары Сұлтанов Бүркіт Абдіразақұлы ұйымдастырған қаламыздын «Алтай» техно паркінің конференция залында «Ақжол» демократиялық партиясының кезекті отырысы өтті. Отырысты жүргізуге Астанадан  Ақжол партиясының хатшысы Сұлтанов Абдіразақ Кенжебекұлы келді. Отырысқа жалпы жергілікті 100 делегат шақырылып, оның 75 қатысты. Ақжол партиясының жаңа саяси бағдарламасының жобасына дауыс беру барысында 75 адамның 70 дауыс беріп, 3 адам қарсы болса, 2 адам қалыс қалды.
         Жиында басты көңіл бөлген 3 сұрақ қаралды. Атап көрсетер болсақ:
         1.Ақжол партиясының ШҚО филиалының атқарылған бір жылдық есебі мен мәселелері
         2.Ақжол партиясының жаңа саяси бағдарламасының жобасын қабылдау
         3.Ақжол партиясының ШҚО филиалының ағымдағы мәселелері
      Жиын барысында  бірінші мәселе бойынша облыстағы филиалдың төраға орынбасары  Сұлтанов Бүркіт Абдіразақұлы сөз алып, облыс бойынша бір жыл көлемінде атқарылған шаралар мен жұмыстарарға есеп беріп, талдау жасады. 




Ал жиынның негізгі мәселелері мен шешімін таппай жатқан жұмыстар мен кедергілер төңірегіндеШҚО Риддер қаласыныің мәслихат депутаты Кокорин Владимир Владимирұлы, «УК техногрупп» құрылыс компаниясының атқарушы директоры Литвинов Михаил Викторұлы, «Ак Жол» ҚДП-ң  Семей өңірі бойынша өкілі Рахат Алтай, Семей қаласының «Ақ Жол» ҚДП-ң бас өкілі Серикбаев Ермек Сагиндықұлы және Шемонайха ауданындағы партия өкілі Александр Карпачев баяндама оқыды.
Негізгі екі мәселе қаралып талқыланған соң Ақжол партиясының хатшысы Султанов Абдразақ Кенжебекұлы 15 минутқа үзіліс жариялап, сол уақытта дауыс беруге мумкіндік берді.
Үшінші ағымдағы мәселелерде жыл бойы сапалы жұмыс атқарып, Ақжол ҚДП-ң мақсатына қызымет етіп көзге түскендерді марапаттаумен басталып, партия құрамына кіруге ниет білдіргендерге партия билеттерін табыстау салтанатына ұласты.
Жалпы жиын екі сағат уақытты қамтыды бас хатшы Сұлтанов Абдіразақ Кенжебекұлы шара біткеннен кейін де жеке сұрағы бар адамдармен жүздесіп, түйткілді сұрақтарға ұтымды жауап беріп, нақты әрі қанағатты жауаптарымен разы етіп қайтарды.
                               Қазақ үні газетінің тілшісі Нахдубай Есенбол