09
Қантар

Санат жоқ 09.01.2015

«Ақ жол» Қазақстандағы, Франция елшілігіне және Еуропалық одақтың өкілдігіне Париждегі терактіге байланысты көңіл айтты

2015 жылдың 8 қаңтары, «Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі
«Ақ жол» Қазақстандағы, Франция елшілігіне және Еуропалық одақ өкілдігіне Париждегі терактіге байланысты көңіл айтты –бүгін партия төрағасы Азат Перуашев Қазақстандағы Франция елшісі Франсис Этьен мырзаға және  Еуропалық одақтың өкілдігінің басшысы Аурелии Бушез ханымға жеделхаттар жолдады.
 «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық Партиясының атынан, «Ақ жол» партиясының Қазақстан Республикасының Парламентіндегі депутаттық фракцияның атынан және жеке өзімнің атымнан Сізге және Сіздер арқылы достас Француз Республикасының барлық азаматтарына «Charlie Hebdo» журналының редакциясына террорлық шабуылының көптеген құрбандарына байланысты  шынайы және шын ниетпен көңіл айтамын. Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз», - делінген жеделхатта.
«Ақ жол» Қазақстан Демократиялық Партиясы осындай қайғылы күндерде Франция халқына өзінің ынтымақтастығын білдірді.