А.Перуашевқа «міндетті білімді жою» туралы пікір айтты деп таңу, оның баламалы оқу туралы сұраққа шын жауабына қайшы келеді
19 қаңтар 2015 жыл, «Ақ жол» КДП баспасөз-қызметі.
А.Перуашевқа «міндетті білімді жою» туралы пікір айтты деп таңу, оның баламалы оқу туралы сұраққа шын жауабына қайшы келеді.
Өткен аптада кейбір БАҚ-ымен: «Депутат Азат Перуашев міндетті білім беруден бас тартуды ұсынып, баламалы оқуды жақтап отыр» деген мазмұндағы ақпарат таратылды.
Осындай жарияланымдардың авторлары 7-ші телеарнаның 14 қаңтардағы жаңалықтарының кешкі шығарылымындағы материалға сілтеме жасайды, ол мынадай сөздермен басталады:
«Қазақстанда міндетті мектептік білімнен бас тартуды ұсынады. Тіптен Алматыда депутат Азат Перуашевтің пікірлестері де пайда болды...» (?!)(
http://tv7.kz/ru/news/show/12749).
Осы сөздерден Азат Перуашев міндетті білімнен «бас тартуды» ұсынған тәрізді. Алайда, іс жүзінде 14 қаңтардағы сұхбатта (дереккөздері осыған сілтеме жасайды), журналистің сұрағында да, А.Перуашевтің жауабында да міндетті мектептік білім туралы атымен сөз де болған жоқ. БАҚ сұрағы да, депутаттың жауабы да тек оқудың баламалық формаларына баға беруге ғана қатысты болды.
7-ші арнадағы жаңалықтардың сол шығарылымындағы басқа сюжетте көрсетілген түсініктеме әдепті формада келтірілген: «Депутат Азат Перуашев үйде оқытуды қолдайды.», «Депутат Азат Перуашев баламалық оқытуды жақтайды». Оның пікірі бойынша, бұл жеткілікті дамыған халықаралық тәжірибе, оны Құрама Штаттарында жиі кездестіруге болады. Бірақ, сонымен бірге, парламентарийдің айтуынша, ата-аналардың педагогикалық дағдылары болуы тиіс.
Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП: Бастапқы кезеңде қарапайым дүниелер, қарапайым математикалық есептеулер, тілді, табиғатты білу жөнінде ата-аналары сабақ берсе, әрине, егер оларда бұл үшін жағдайлар болса. Мен оқудың баламалы формаларының пайда болуы және дамуы мүмкіндігін тұтастай алғанда қолдаймын. Мұндай оқудың сапасын бақылауды сақтауға мемлекет міндетті, бұл басқа мәселе. (http://tv7.kz/ru/news/show/12748).
Депутаттың тікелей сөздерінен көрініп тұрғандай, балаларды оқытудың баламалы формалары туралы оң пікірін білдіре келе, А.Перуашев сонымен қатар мұндай оқуды тек бастапқы кезеңде ғана (яғни, оқудың алғашқы жылдарында), тек дайындығы мықты ата-аналармен, сондай-ақ сәйкесінше мемлекеттік білім беру бағдарламаларымен және алатын білім деңгейін бақылаумен ғана өткізуге болатынын айрықша атап айтты. Сонымен, А.Перуашевтің пікірінше, баламалы оқу балаларды міндетті білім берумен толық қамтуды қамтамасыз етуге қызмет етуі тиіс, сөйтіп оны жоюды емес, толықтыруды көздейді.
Сөз білім беру формаларын кейбір нақты жағдайларға байланысты кеңейту туралы болып отыр, егер балалар объективті себептермен мектепте оқу мүмкіндігінен айырылса: мысалы, бала мүгедек болып сабаққа қатыса алмаса; не мектептері қысқартуға тап болып, ал интернаттарға қолжетімділік болмай қалған кішігірім ауылдарда қиындықтар туындаса; Мұндай формалар бүгінде дамыған елдерде де кеңінен қолданылады, ол туралы да депутат өзінің сұхбатында хабарлады. Айтылғандардың бәрі бірден жаңалықтар сюжетіне кірмесе де, жарияланған бөліктің өзінен аталған мәселе жөніндегі А.Перуашевтің позициясы айқын көрініп тұр. Оның сұхбатында міндетті білім беруді «жою» туралы ешқандай сөз болған жоқ.
Одан әрі А.Перуашевпен айтылғандарды бұрмалау кімге және не үшін керек болғанына іздеудің егжей-тегжейіне жетпей-ақ қояйық, дегенмен кімнің айтқаны белгісіз, бөгде біреудің міндетті білімнен «бас тарту» туралы айтқан сөзін депутатқа таңуға жол беруге болмайды деп санаймыз.
А.Перуашевтің өзі сияқты, «Ақ жол» партиясы да тұтастай алғанда білімді біздің азаматтарымыздың бұлжымас конституциялық құқығы, тұлғалар мен қоғамдық мәдениетті табысты дамытудың маңызды бөлігі деп санайды, сондай-ақ бұл тақырыпқа құйтырқы айла-шарғылар жасауға жол беруге болмайды деп пайымдайды.