09
Ақпан

Санат жоқ 09.02.2015

Азат Перуашев Кәсіпкерлік кодекс туралы – «Мысықтар топтамасынан жолбарыс шықпайды»

 
2015 жылдың 9 ақпаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
Мәжілістің Кәсіпкерлік кодекс жобасы бойынша, жұмыс тобының  жетекшісі Азат Перуашев, өткен сәрсенбіде бұл құжатты оның таныстырылымы барысында сынға алды. Оның сөзінің мәтіні төменде келтіріледі.
 
«Құрметті Зәуреш Хамитқызы ( әділет вице-министрі Баймолдина) кодекстің міндеті оған неғұрлым көбірек қолданыстағы  заң енгізу болды. Қалай болғанда да, мен солай естідім. Міне, 11 немесе 12 заң енгізді, бірақ одан олар кодекс болмайды.Мысықтар топтамасынан жолбарыс шықпайтыны тәрізді. Бізге кәсіпкерлік туралы заңдар жиыны керек емес, олардың жүйелігі, оларды бір тұғырнамаға  келтіру, қайшылықтарды болдырмау, позитивті үдерістердің нығаюы керек. Ал бұл жоқ.
Ең алдымен, түсініксіз, бұл құжатқа заңдар қандай қағидатпен жиналған? Егер де  тек кәсіпкерлік жайлы айтылғандар болса, онда – бұл тізім толық емес. Құжатты жасаушылардың, өздері, бұл тақырыптама бойынша 20-ға жуық  заңдар кодекске кірмей қалғанын атап өтті. Мен тағы жүзін атай аламын. Онда неге бір заңдар енгізіліп, ал басқалары  - енбеген?  Мысалы,  біздің экономикамыздағы ірі компаниялардың қызметін, соның ішінде – шетелдік инвесторлардың қызметін реттеп отырған  «Жер қойнауын пайдалану туралы» заңын не себепті енгізбеген?
Керісінше – не үшін кодекске тұтынушылар үшін  өнімнің қауіпсіздігіне, біздің  азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын қоса алғанда, қатысты «Техникалық реттеу туралы» заңын енгізіп және оны жоғалтуға әкеп қойды? Бүгіннің өзінде   Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі агенттік, импорт тауарларының 70 % тексеруден өтпейді, қауіпсіздікке сертификатталмайды деп мәлімдеп отыр. Егер де кодекстің -  бизнес үшін жағдайларды жеңілдету принципімен жүрсек, онда біз адамдарымыздың, балаларды қоса алғанда, не жеп, не ішіп және нені тұтынып жатқандары жайлы бақылаудан мүлдем бас тартамыз. Бұл түбегейлі мәселе, мен «Нұр Отан» депутаттары Щегельскийді, Балиеваны, Сарпековты қолдаймын және «Техникалық реттеу туралы» заңын бұл жерден алып тастап, жеке дербес заң ретінде қалдыру керек екеніне сенімдімін.
Біздің әріптесіміз Қанаев көңіл аударған, «Мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» заңымен де дәл осылай жасау қажет. Бұдан бұрынғы болған жағдайды еске сала кетсем: 2005 жыл «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңын қабылдау кезінде, оған бизнесті тексерулер туралы тұтас бөлім кіргізген. Алайда кешірек, мемлекеттік бақылау туралы заңды қабылдаған кезде, кәсіпкерлік туралы заңының бөлімін сонда аударды, жай ғана аудармай, бизнесті қолдау жөніндегі барлық нормаларды алып тастады. Біздің, мелекеттік бақылау тек бизнеспен емес, және басқа да салалармен айналысу керек деген қарсылықтарымызды – ешкім бірден тыңдаған жоқ.
Енді мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңының мазмұнын кодекске аудару, ал заңның өзін жою ұсынылып отыр. Осылайша, бақылау тек жекеменшіктілерге ғана қатысты болып тұр. Ал  мемлекеттік органдар, мектептер, ауруханалар, мемлекеттік қатысуы бар кәсіпорындар ше?  Дәл сол жерлерде, шағын және орта бизнесте емес,   бюджеттік қаржының басты ұрлануы болып жатыр.
Ал, неге екені белгісіз, кодекстен 50%  және одан да көп  квазимемлекеттік сектор деп аталып кеткен мемлекетке тиесілі кәсіпорындар шығып қалған. Бірақ бұл да, оның үстіне мемлекеттік есептен ұсталатын,  кәсіпкерлік емес пе. Олардың да қызметін реттеу керек.
Бұдан басқа, егер де кодекстің ең басты міндеті  кәсіпкерлікті қолдау болса, онда неге кәсіпкерлердің  құқықтарының кеңеюі болмай жатыр? Мысалы, «Атамекенде» де, «Ақ жолда» да  көп жылдар бойы кәсіпкердің адалдығына  презумпция принципін енгізуді талап етті – ол бойынша сотта, айыпты тура дәлелдейтін  айғақтар болмаған жағдайда, күдіктер, қазіргі таңда салық, кеден және барлық өзге таластар бойынша болып жатқандай, кәсіпкерге қарсы емес, кәсіпкерлер пайдасына түсіндірілуі тиіс.
Бұл өлшем бүкіл дүние жүзінде  қолданып келе жатқан, кінәсіздіктің презумпициясы  принципіне ұқсас болар еді. Неге екені белгісіз, азаматтар үшін біз оны танимыз, бірақ бизнеспен айналысқан, дәл сол азаматтар үшін – жоқ.
Әрі қарай. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей (АҚШ, Германия, Франция және басқалар), сондай кодекстерде кәсіпкерлікті ұйымдастыру формаларына, олардың өзара және мемлекетпен қарым-қатынастарына баса көңіл  бөлінеді.
Біздің жағдайымызда, тіпті кәсіпорынның маңызды формасы болып табылатын акционерлік қоғам заңда белгіленбеген. Кәсіпорындардың барлық тұрпаттарын құру тәртібі және қызметі, келісім-шарттар түрлері, оларды орындау тәртібі және т.б. мүлдем қарастырылмаған.
Бұл ұстанымдық жағдайлар, өйткені заңды әзірлеуші осы форматта құқықтың дуализм – яғни Кәсіпкерлік және Азаматтық кодекстер арасындағы  әртекті түсіну қауіпі проблемасын шеше алдық деп мәлімдеді. Азаматтық кодекс жеке тұлғалар қарым-қатынастарын реттеуді жалғастырады, ал Кәсіпкерлік – кәсіпкерлер қарым-қатынасын реттейді. Сонда, келісім шарттар да, олардың арасындағы өзара таластар да осында болу керек, бірақ мұндай бөлімдер жоқ.
Бұдан басқа, мұндай бөлінулерде, жеке бизнестің барлық субъектілерінің 90 %  астамын құрайтын, ал  бұл ең үлкен жасақ,  жеке кәсіпкерлерді қайда жатқызу керек екені түсініксіз. Көптеген басқа да проблемалар бар.
 
Кәсіпкерлік кодексінің қажеттілігі туралы «Атамекен» 2010 жылдан бастап айтты, 2013 жылы оны  әзірлеу туралы  тапсырманы Мемлекет  басшысының өзі берді.
Әділет министрлігінде үлкен жұмыс атқарылды, бірнеше халықаралық конференциялар өткізілді, онда  жетекші  отандық цивилистер осындай құжатқа қарсы шықты, сондай-ақ мен де  алдыңғы заң жобаларын екі мәрте  сынға алғанмын.
Мен бұрынғысынша, кодекс керек деп санаймын, бірақ бүгінгі талқылау көрсеткендей, ол бойынша басты жұмыс  әлі алда және ол біздің жұмыс тобымыздың көп күш жұмсауын талап етеді.