16
Ақпан

Алаш партиясының ізбасарлары:дөңгелекүстел

Абай атындағы кітапханада 6 ақпан күні Алаш қайраткерлерінің идеялық көзқарастарын талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Ақ Жол» партиясының Алаш идеясына байланыстыбағдарламасы талқыланды. Бағдарламада Алаш қайраткерлеріне лайықты құрмет көрсетіп қою ғана емес, олардың идеяларын, бастамаларын, құндылықтарын заманауи өмірге енгізудің маңыздылығыұсынылған.


Шара барысында«Ақ жол» ҚДП Орталық аппаратының идеология бөлімінің директоры А.Ырысбекұлы, жазушы, этнограф М.Жанболатов, тарихшы С.Табариков, ғалымМ.Мұхамадиев, абайтанушы Т.Ибрагимов, «Алтай» газетінің директоры Р.Алтай, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры Ш.А.Жанаевалар өздерінің пікірлерін ортаға салды. Қала көшелеріне Алаш қайраткерлерінің атын беру туралы ұсыныстар айтылып,2016 Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханның 150 жылдығын, 2017 жылы «Алаш»қозғалысының 100 жылдығын лайықты түрде аталып өту керектігі талқыланды. Шараға қатысушыларға «Абайдың рухани орталығына» экскурсия жасалып, қазақ хындығының 550 жылдығына ұйымдастырылған «Менің Елім-Мәңгілік Ел» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалды.
 
Дерекнама - semeylib.kz