25
Ақпан

Санат жоқ 25.02.2015

Азат Перуашев - Бюджетке түзету тек шығындардың қысқартуын ғана емес, бюджет кірістерін жаңа жоғары рентабельді индустриалдық жобаларды іске қосу есебінен көбейту мақсатын көздеуі тиіс

 
2015 жылдың 26 ақпаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
Бюджетке түзету тек шығындардың қысқартуын ғана емес, бюджет кірістерін  жаңа жоғары рентабельді индустриалдық жобаларды іске қосу есебінен көбейту мақсатын   көздеуі тиіс– бұл жөнінде кеше Мәжілістің пленарлық отырысында республикалық бюджетті талқылауда сөз сөйлеу барысында Азат Перуашев мәлімдеді.
«Біздің фракция  Үкіметтің бюджеттік инвестицияларды басталып кеткен жобаларды аяқтауға жұмылдыру және жаңалардың қаржыландыруын  2016-2017 жылдарға ауыстыру ұсыныстарын тұжырымдамалық түрде алғанда дұрыс деп санайды,- деп ол атап өтті ол. - Сонымен бірге, жаңа жобаларға инвестициялаудан бас тарту, жаппай емес, мейлінше атаулы болуы мүмкін екендігін атап кету керек деп пайымдаймыз. Мәселен,  жоғары рентабельді индустриалды жобалар бойынша жұмысты жеделдету, олардың іске қосылуы арқылы  салық түсімдерінің көбейуін қамтамасыз ету  керісінше пайдалы деп санар едік».
Басқаша айтқанда, «Ақ жол» фракциясы мемлекеттік инвестициялық саясатына түзету тек шығындардың қысқартуын көздеп қана қоймай,  бюджет кірістерін жаңа салық төлеушілерді қатарға кіргізу есебінен және салық салынатын негізді кеңейту мақсатын да көздеу керек деп есептейді.
Осыған байланысты «Ақ жол» көшбасшысы Үкіметке мынадай тілегін білдірді:  «Егер 2015 жылы мұнайға және металға әлемдік бағалар өсуге қарай орнықты беталысқа бет бұрса  және  қазақстандық экономикаға басқа қауіп-қатерлер төнбейтін болса, біз 2016 жылдан бастап  дағдарыстан кейінгі қалпына келу Бағдарламасы (бәсекелесуге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) және басқа  да бағдарламалар аясында сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауды нақты секторда қолдауға байланысты бағдарламаларды қаржыландыруды қалпына келтіруді сұрар едік».
Парламенттік фракцияның жетекшісі өзінің сөзінде Ұлттық қордың қаражаттарымен өте  абай болу керектігін де атап өтті.
Қазіргі жобада Ұлттық қордан республикалық бюджетке 2,485 трлн.теңге мөлшерінде трансферттер қарастырылған.
Сонымен бірге, нақтыланған болжам бойынша, 2015 жылы мұнай секторы ұйымдарынан Ұлттық қорға түсетін түсім 1,801 трлн.теңге мөлшерінде күтілуде. Осылайша, заң жобасымен салынған трансферттер Ұлттық қордың жылдық түсімінен 1,5есеге жуық артық болып отыр.
«Бұл күмәнсіз, үрейлі дабыл, - деп атап өтті  А.Перуашев. - Біз, осындай ауқымды шығындардың қажеттілігі бір жолғы сипатта екенін және объективті қиындықтармен қатар халықты әлеуметтік  қорғаудың  тиісті деңгейін қамтамасыз етуге  деген  мемлекеттің талпынысынан туындап отырғанын түсінеміз. 
Дегенмен, осымен макроэкономикалық өзгерістердің өсіп келе жатқан динамикасын және  Қазақстанның ұлттық мүдделерін ғаламдық әлемде қамсыздандыру қажеттілігін ескеретін, Ұлттық қордың қаражатын жұмсаудың жаңа тұжырымдамасын  әзірлеуді  қажетсіну пайда болатынын пайымдаймыз».
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлау алдындағы тұғырнаманы және өзінің сайлаушыларының мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.