01
Сәуір

Санат жоқ 01.04.2015

«Ақ жол» мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу бойынша заңын қолдайды және мейлінше қуаттайды

2015 жылдың 2 сәуірі, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
 «Ақ жол» мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу бойынша заңын қолдайды және  мейлінше қуаттайды. Бұл жөнінде заң жобасының бірінші оқылымының барысында Азат Перуашев  мәлімдегенін еске түсірейік. https://akzhol.kz/kz/news/show/5840/2/5/    
Кеше Мәжіліс ол бойынша жұмысты аяқтады -  заң жобасы екінші оқылымда қабылданды. Мәжілістің пленарлық отырысында оны талқылау барысында «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының атынан Екатерина Никитинская сөз сөйледі.
Ол, заң жобасының өзектілігі мемлекеттің соңғы он жылда экономикаға қатысуының ретроспективалық талдауымен дәлелденді, ол жөнінде заң жобасын бірінші талқылау барысында егжей-тегжейлі айтылды деп  атап өтті. 
«Бизнестің қатысы бар және  «Yellow Pages Rule» ұстанымдары заңнамамен бекітілген экономиканың салаларында мемлекеттің қатысу үлесін қысқартуға бағытталған әзірлеушілердің ұсынғандарынан тыс, заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттармен қойылған міндеттерді іске асыруға ықпал ететін елеулі ұстанымдар енгізілді», - деп атап өтті Е.Никитинская. Мысал ретінде ол  еншілес және бас компаниялардың акцияларымен тоғыспалы иеленуіне тыйым салу бойынша, көпшілік компаниялары үшін акциялармен өзара иемденуге 10 пайыздық  шегін енгізу бойынша, көпшілік компаниялары үшін ішкі аудит қызметін міндетті түрде құру бойынша нормаларын  келтірді.
Оның пікірі бойынша, бүгінгі күнде бұл тәсілдемелерді миноритарлық акционерлерді арнайы қолдау механизмдері ретінде іске асырудың маңыздылығы келесімен байланысты: жекешелендірудің екінші толқынының және «Халықтық IPO»  аясында өткен жылы «KEGOC» АҚ қор нарығына  шығару іске асырылды, ал 2015 жылы «Самұрық-Қазына» Қоры Топтарының 17 активін, «КазТрансГаз Аймак» АҚ, «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ, «Алматинские электрические станции» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Тегіс Мұнай» ЖШС сияқты ірі компанияларын қоса алғанда, және т.б сатуға  шығару жоспарланып отыр.  
«Мәжіліс депутаттарымен енгізілген нормалар отандық іскерлік практикасында  лизингті пайдалану мүмкіндіктерін де едәуір кеңейтеді, -  деп санайды «Ақ жолда». – Өйткені негізгі қорларды жаңарту – отандық өндірістің ең «осал жерінің» бірі. Оның үстіне, 40 пайыз импорт тура осы  жабдықтардың үлесіне келеді.
Ақ жол» депуттарымен көтерілген  мемлекеттік қатысумен  жаңа кәсіпорындарды құруға  тыйым салуды енгізу туралы мәселесі де өзінің шешімін тапты. Мәселен, заң жобасында,  депутаттардың ұсыныстары бойынша,  шағын бизнес саласында квазимемлекеттік құрылымдарды құруға тыйым салу белгіленді және   мемлекеттік кәсіпорындар үшін еншілес және тәуелді ұйымдарды құру бойынша  шектеулер қарастырылған.
Одан басқа, әзірлеушілермен банкроттық өндірісте тұрған кәсіпорындардың микроқаржы ұйымдарында несиелеуді іске асыруға мүмкіндік беретін ұстанымдары алынып тасталды.
«Қойылған міндеттердің іске асырылуы себепті, «Ақ жол» Демократиялық партиясының фракциясы бұл құжатты Қазақстанның экономикасының дамуының нарықтық жолының  сақталуының маңызды факторы ретінде,  принципті тұрғыдан қолдайды және  мейлінше қуаттайды», - деп мәлімдеді Е.Никитинская және депутат-әріптестерін заң жобасын екінші оқылымда қолдауға шақырды.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және қазақстандық бизнестің мүдделерін қолдау жөніндегі жұмысын жалғастырады.