«Ақ жол» ҚДП орталық аппаратының мәжіліс залында өткен «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты «дөңгелек үстел»
2015жылдың 11 сәуірі, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Қазақстан «Ақ жол» демократиялық партиясында 11-ші сәуір күні
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты «дөңгелек» үстел болып өтті.
«Дөңелек» үстелге «Ақ жол» ҚДП депутаттары, Орталық аппарат қызметкерлері, Парламент Мәжілісінің депутаты Оразгүл Асанғазықызы, ҚР мәдениет және туризм министрінің кеңесшісі, академик Ғарифолла Есім, Астана қалалық тілдер басқармасының басшысы Ербол Тілешов, ғалымдардан Зиябек Қабылдинов, Сұлтанхан Аққұлұлы, Қайырбек Кемеңгер, Серікзат Дүйсенғазин, Жұмамұрат Шәмші партиямыздың ардагері Тұрсынбай Ахметов, жоғары оқу орнынның студенттері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Тақырыпқа байланысты түрлі пікірлер тыңдалып, ұсыныстар айтылды. Мәселен, академик Ғарифолла Есімнің: «Бір ел, бір тағдыр, бір мектеп» идеясын жиналған көпшілік қызу қолдады. Сонымен қатар, т.ғ.д., профессор Зиябек Қабылдиновтың: «Елордамызда педагогикалық университетті ашу», жазушы Өтен Ахметтің: «қазақ тілін 1-3-ші бастауыш сыныптарда міндетті түрде оқытуды енгізу» және т.б. идеялар ұсынылды.