29
Желтоқсан

Санат жоқ 29.12.2013

Әбдіразақ Сұлтанов, «Ақ жол» партиясы Орталық кеңесі президиумының мүшесі: «Осындай жағымсыз наразылығымен Жуланова тек өзінің тапсырыс берушілерінің беделін түсіреді және біздің әділдігімізді айғақтайтынын тіпті түсінбейді де»

29 желтоқсан  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Жыл соңында БАҚ-да Л.А.Жуланова ханымның сұхбаты жарияланды, онда  «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары қызметінен «бас тарту», бұрынғы ақжолдықтардың «партиядан кетулері» туралы мәлімдейді және бірқатар өзге де дәйексіз сөздер айтады.
        Мен алғашқы құрылған күнінен бастап «Ақ жолдың» мүшесімін, бұрынғы құрамдағы партияның аппаратына жетекшілік еттім, көптеген жылдар бойы Жуланова ханыммен бірге жұмыс істедім, сондықтан осы мәлімдемеге түсініктеме жасауды қажет деп есептеймін.
    Ең алдымен анықтап алу керек, Жуланова ханымның «қызметтен кету» туралы аты шулы мәлімдемесінің мағынасы жоқ, себебі ол а.ж. 13 желтоқсанынан бастап партия төрағасының орынбасары болып табылмайды.  Жуланова ханым бұл қызметке 2011 жылы 2 шілдеде соңғы рет қайта сайланды, бірақ парламенттік сайлаудан кейін денсаулығын және отбасылық жағдайларын сылтауратып жұмыстан толығымен шеттеп кеткен. Мен оған қай уақытта қоңырау шалсам да, ол уақытының көпшілігінде Қазақстаннан тыс жерде, Ресейде немесе Еуропада болды. Осыған байланысты, соңғы екі жылда ол партияның Орталық кеңесінің Пленумдарында және Президиум отырыстарына, сондай-ақ «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясының заң жобалары,  өзекті тақырыптар жөніндегі ұстанымдары талқыланатын, депутаттық сауалдар әзірленетін апта сайынғы жиналыстарына бір де бір рет қатысқан жоқ.
           Расында, бұл ретте Жуланова ханым ай сайын 500 мың теңге жалақы алып отырды, сондай-ақ оған «Ақ жолдың» бұрынғы басшылығы қарыз болып қалған тәрізді,  сондықтан бұдан да көбірек сомаға үміттенді.
      Алайда, жұмыста тұрақты түрде болмауының нәтижесінде, партия төрағасы 2013 жылы сәуірде Жуланова ханыммен еңбек келісімі шартын бұзды және іс жүзінде атқармаған орынбасарлық қызметтен кетуді ұсынды. Бұл ұсыныс оны қатты ренжітті, ол партияны ұстап тұрған өзі екенін және ол кетсе «бүкіл қоғам» наразылық білдіреді және т.б. мәлімдеді. Бұл әңгімеге  менде қатыстым, осыдан кейін Жуланова ханым тіпті партияға келуін және әріптестерінің қоңырауына жауап беруді доғарды. Ал 2013 жылы 13 желтоқсанда болған ҚДП съезінде ол партия төрағасының орынбасары қызметіне қайта сайланбады.
         Сондықтан, оның «қызметтен кету» туралы мәлімдемесі – тек қана назар аудартуға әрекет ету, себебі оның партиядан кеткенін ешкім байқаған да жоқ, іс жүзінде Жуланова ханым партиялық құрылымнан баяғыда шығып қалған, ол үшін өзін ғана кінәлай алады.
        Партияның әлеуметтік мәселелер жөніндегі «дұрыс емес» ұстанымдарына қатысты арызы, тағы да іске кері жүріс беріп, ойлап шығарылған. Оған партияның дәл осы әлеуметтік саясаты, орынбасар ретінде Жуланова ханымның тікелей өзі міндетті болуы тиісті-тін. Бірақ, өкінішке орай, «Ақ жол» партиясының Г.Марченко мырзамен болған зейнетақы реформасы туралы пікірталаста; Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі бойынша дауда, біздің «Әлеуметтік қорғау туралы» (үкімет өткізуге қарсы шыққан) заң жобасы жөніндегі айтыста, банкроттық туралы («Ақ жол» ипотекашылардың әлеуметтік құқығын қорғауды талап етті ) заң жобасы бойынша пікірталаста, жалпы өзге де әлеуметтік толып жатқан мәселелер бойынша – ол партияға көмектеспеді және қандайда бір басқа мәселелерді көтеруді ұсынбады. Сондықтан, әлеуметтік тақырыптар жөніндегі барлық талап тілектері бойынша,  Жуланова ханым ең алдымен өзіне өзі кінарат артуы керек еді, себебі бұл оның тәп-тәуір жалақы алып отырған жұмысы болатын.
        Дегенмен, тек ағымдағы жылда ғана партиямен әртүрлі заң жобаларына 800 жуық түзетулер әзірленді, үкімет мүшелерінің шет елдердегі шоттары, ардагерлерді қолдау, сатып алу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық, жалақы және зейнетақы деңгейі, әйелдерді жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі және т.б.  өзекті мәселелер бойынша 57 депутаттық сауал жолдады...
           Осының барлығы «Ақ жолмен» Жуланова ханымның қатысуынсыз істелді.
           Біздің партияға он жылдан астам өмірін берген адамдар үшін, Жуланова ханымның  жаңа адамдар бізді «ығыстырып шығарды» деген байламын оқудың өзі өте қолайсыз. Көп жылдық жұмыс өтілі бар «ақжолдықтардың» көпшілігі партияның күнделікті жұмысына белсенді араласып жүр. Мәселен, Партия төрағасының орынбасары, ақын және публицист Қ.Иса  басқарған «Қазақ үні» газетінің ұжымы «Ақ жолдың» негізгі рупоры болып қалып отыр; жуырдағы съезде   Б.Нұрмұхамедовтың (неге екені белгісіз Жуланова «шеттетілген» деп санайтын) жетекшілігімен әзірленген «Ақ жол» ҚДП-ның жаңа саяси бағдарламасының жобасы талқыланды; академик А.Айталы партияның Ақылдастар алқасын басқарады және ұлттық саясаттың жаңа тұжырымдамасын дайындауда; М.Қазбекова парламент депутаты болып табылады,  ол денсаулық сақтау жүйесі бойынша әшкерелеуші бірқатар депутаттық сауалдардың авторы.
      Жуланова ханымның партия құрылымдарының барлығының «басшылығын ауыстыру» туралы мәлімдемесіне қарамастан, Орталық партия комиссиясын, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай облыстық және Алматы қалалық филиалдарын 10 жылдық өтілі бар ҚДП мүшелері басқарып отыр. Зейнеткерлікке шыққан бұрынғы төрағалардың бірқатары партияда штаттағы кеңесшілер болып қызмет атқарады. Сондай-ақ, Орталық кеңестің үш хатшысының екеуі – бұрынғы құрамнан, және т.с.с. Ол оны білмейді және көрмейді, себебі елдегі ахуалды сырттан, Чехиядан немесе Ресейден топшылайды, және партиямен емес, өзінің таныстарымен араласады. Алайда, онымен жеке араласатындардың шеңбері әлдеқашан «Ақ жолдан» алыста тұйықталған.
      Расында, бүгінде «Ақ жолға» шағын және орта бизнестің жаңа өкілдері, менеджерлер және техникалық мамандар, заңгерлер және инженерлер кірді. Бұл – партия дәстүріне жаңа көзқарастар мен тәсілдемелер енгізген жаңа толқын. Бұл «Ақ жол» үшін орасан зор жетістік екенін түсінбеу – яғни өткенмен өмір сүру, бұрында өтіп кеткен әңгімелерге жармасу, айналадағы дүниені ескермеу. Жуланова ханыммен нақ осы болып жатыр. Біз үшін бұл тақырыптың қабылданбау себебі, тіпті «Ақ жолда» «бұрынғы» және «жаңа» деп бөліну көптен бері жоқ, партия бір кісідей жұмыс істеп жатыр және бұл барлығымыздың ортақ еңбегіміз.
      Жуланова ханым, ол кеткеннен кейін «Ақ жол» партиясы «ойсырап» қалды деп сендіреді. Айналасындағылардың оның көзқарасына көзді жұмып табынушылығына осыншама сенім, осындай өзін дәріптеушілік қайдан шығып отыр? Және мыңдаған басқа адамдардың ұстанымдарын мұндай қомсыну қайдан шығып отыр?
          Ендеше, 2005 жылы бірден үш бірдей тең төраға кеткеннен кейін, партия қалай сақталып қалды? Қалайша, тек қана Жуланова ханымның арқасында? Ал сонда астанада отырып баспасөз-конференциясын бермей,  аймақтарда күнделікті жұмыс жүргізген,  шағын қалалар мен ауылдарға барған, жерлестеріне өз көзқарастарын түсіндірген  ондаған және жүздеген өзге де «Ақ жолдың» белсенділерінің еңбегі қайда?
            Егер де, «Ақ жол» бұрында тең төрағалардың көбінен айырылғанды да бастан өткізссе, енді  бүгін Жуланова ханымның кетуін де байсалдылықпен тыныш қабыл алады, оның үстіне ол баяғыда партиядан алыстап кеткен және байланысын жоғалтқан.
            Л.Жуланованың жанжал шығарып кеткісі келгенін, дұрысы, ол партияның тағдыры туралы сөз жүзінде соншалықты екіжүзділікпен «күйзелген», сол «Ақ жолдың» өзіне қарсы әрекет ретінде қарастыруға болады. Екінші жағынан, Жуланова ханымның бөтен ойынның қолжаулығы болды деп жорамалдауға да негіздер бар. Ол кейбір ОК мүшелерін отырысқа «жібермеді» деген өтіріктерге бой алдырды, партияның барлық пленумдарында жүргізілетін бейнемұрағат бұл мәлімдемені оп-оңай жоққа шығара алады.
            Ол партияны «қомақты ақша» төлеп, парламентке өте алмаған бір бизнесмен үшін кінәлайды. Осындай жағымсыз наразылығымен Жуланова  өзінің және өзінің тапсырыс берушілерінің беделін түсіретінін, бұлтек«Ақ жолдың» әділдігін растайтынын түсіне де алмай отыр. Иә, заңда белгіленген тәртіппен сайлауалды науқанды жүргізуге кәсіпкерлер ақша жинады. Бірақ, депутаттық мандаттар кім қанша төлегеніне байланыссыз, орталық кеңестің шешімі бойынша бөлінді, бұл Жуланова ханымның таныс бизнесменінің наразылығын тудырады, өйткені ол депутаттық мандатты бәсеке саудада «сатып алуға» болады деп жорамалдаған. Бұлай болмады – ал Жуланова ханым партия өз мандатын нақ осы бизнесменге «сатуға» міндетті болатын деп есептейді. Дей тұра, әріптестерін... депутаттық орындарды сатты деп айыптайды! Қисыны қайда?
            Жуланова ханым, өз ойларыңызды реттеп алғаныңыз дұрыс болатын еді, оларды баспасөзге шығармас бұрын. Егер сіз досыңыз үшін сондай күйзеліп жүрсеңіз – пленум отырысында дәйектер табуыңыз керек еді. Немесе сіз, өзіңіздің танысыңыздың ешбір талқыланбай, тек қана, сіз сүйемелдеп жүргендіктен депутат болуын қаладыңыз ба?
            Мандатты анықтаған кезде ренжігендердің, есікті қатты жауып кеткендердің болуы мүмкін екендігі түсінікті, бірақ бұл әркімнің жеке басының мәдениетінің мәселесі. Көптеген партиялар үшін жеңіске жету, оның игілігін көруден жеңілірек болды: 2004 жылғы «Ақ жолдың» жалғыз мандатын бөлу кезіндегі партияны дағдарысқа әкелген жағдайды  Жуланова ханым есінде жақсы сақтауы тиіс. Бүгін де, ол, партия жұмысынан шеттеп қалған екі жыл ішінде «Ақ жолдағы» ахуалдың түбегейлі өзгергенін, жалпы пікір еркіндігіне кең жол берсе де, партия біртұтас механизм секілді жұмыс істеп тұрғанын түсінбей,  сондай сценарийді қайталауға тырысқаны шығар.
            Л.Жуланованың «қоштасу» сұхбатында оқырмандарға мақсатты түрде біліксіздік пен реніштерге құрылған  жалған мәліметтер берілген. «Ақ жол» ҚДП-сы Парламентке сайланғаннан кейін мұндай арандатушылықтар жиі болып тұрды: былтырғы жылғы интернет-жіберілімдеріндегі жалған «тәубе хаты», партия төрағасына қарсы  сәтсіздікке ұшыраған сот процестерін және т.б. еске салуға болады. «Ақ жол» өзінің көзқарастары туралы ашық айтады, ал біздің қарсыластарымыз аты-жөнін көрсетпей жасырын түрде немесе бұл жағдайда адамгершілік тұрғысынан әттең дегізіп, аяныш туғызатын, ағаштарға өрмелеп жүрген Амантай қажы немесе Жуланова ханым сияқты үшінші тұлғалар арқылы әрекет етуді дұрыс көреді.
            Жақында ғана «Ақ жолдың» интернет-сайты бұзылған болатын, онда қазіргі сессия басталғалы бері көкейтесті тақырыптардың бірқатары бойынша бастамалар және мәлімдемелер туралы материалдарға тосқауыл қойылды. Жалпы алып қарағанда, арандатушылықтар жалғасын табатын тәрізді: бізге депутат бола алмай қалған, партиялық қызметінен ауыстырылған сияқты және т.б. менмендігі іске аспай, шамданып жүрген «тілектестеріміз» бен басқа әріптестерімізге  азғыру жүргізіліп жатқаны туралы белгілі болды.
            Алайда, мұндай іс-әрекеттердің болуы Парламентте «Ақ жол» партиясының беделінің өсуімен, біз көтерген мәселелердің өзектілігімен және қазақстандықтардың сенімінің ұлғаюымен де туындап отырғаны анық.  Әлсіз және белгісіз партияға ықпал ету үшін ешкім де күреспес еді ғой. Бүгінгі таңда «Ақ жол» ҚДП  қоғамда салмағы бар, бизнес-ортада және мемлекеттік органдарда абыройлы, байыпты саяси және жариялы ресурсқа айналып келеді. Сондықтан да, партияға ықпал етуге әрекеттері де ұлғаюда.
Бірақ, мұның бәрі бізді, «Ақ жол» ҚДП-ын тек қана қарапайым азаматтарды қолдау, ұлттық экономикалық мүдделерді қорғау және демократиялық мемлекетті дамыту мақсатында өз жұмысын одан әрі табандылықпен жалғастыруды міндеттейді.
Барлықтарыңызды жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын, барлық қазақстандықтарға, Жуланова ханымды қоса алғанда, денсаулық, ізгілік және ырыс-береке тілеймін!
<!--EndFragment-->