10
Сәуір

«Ақ жол» мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу заңын қолдады - Казак унi (Алматы)

 
«Ақ жол» мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу бойынша заңын қолдайды және мейлінше қуаттайды. Бұл жөнінде заң жобасының бірінші оқылымы барысында Азат Перуашев мәлімдеген болатын. Көпшіліктің көкейінде жүрген бұл мәселе кеңінен талқыланып, заң жобасы екінші оқылымда қабылданды.
Мәжілістің пленарлық отырысындағы талқылау барысында «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының атынан Екатерина Никитинская сөз сөйледі. Ол заң жобасының өзектілігі мемлекеттің соңғы он жылда экономикаға қатысуының ретроспективалық талдауымен дәлелденді және бұлтуралы заң жобасын бірінші талқылау барысында егжей-тегжейлі айтылды деп атап өтті.
«Бизнестің қатысы бар және «Yellow Pages Rule» ұстанымдары заңнамамен бекітілген экономиканың салаларында мемлекеттің қатысу үлесін қысқартуға бағытталған әзірлеушілердің ұсыныстарынан тыс, заң жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар қойған міндеттерді іске асыруға ықпал ететін елеулі ұстанымдар енгізілді», - деп атап өтті Е.Никитинская. Мысал ретінде ол еншілес және бас компаниялардың акцияларымен тоғыспалы иеленуіне тыйым салу бойынша, көпшілік компаниялары үшін акциялармен өзара иемденуге 10 пайыздық шегін енгізу бойынша, көпшілік компаниялары үшін ішкі аудит кызметін міндетті түрде күру бойынша нормаларын келтірді.
Оның пікірі бойынша, бүгінгі күнде бұл тәсілдемелерді миноритарлык акционерлерді арнайы қолдау механизмдері ретінде іске асырудың маңыздылығы келесі жағдайлармен байланысты: жекешелендірудің екінші толқынының және «Халықтық ІРО» аясында өткен жылы «KEGOC» АҚ қор нарығына шығару іске асырылды. Ал, 2015 жылы «Самұрык-Қазына» Қоры Топтарының 17 активін, «КазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматинские электрические станции» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС, «Тегіс Мұнай» ЖШС сияқты ірі компанияларын қоса алғанда және т.б. сатуға шығару жоспарланып отыр.
«Мәжіліс депутаттары енгізген нормалар отандық іскерлік тәжірибеде лизингті пайдалану мүмкіндіктерін де едәуір кенейтеді, - деп санайды «Ақ жол» партиясы. Өйткені негізгі қорларды жаңарту - отандық өндірістің ең «осал жерінің» бірі. Оның үстіне, 40 пайыз импорт тура осы жабдықтардың үлесіне келеді.
«Ақ жол» партиясының депутаттары көтерген мемлекеттің қатысуымен жаңа кәсіпорындарды құруға тыйым салуды енгізу туралы мәселесі де өзінің шешімін тапты. Мәселен, заң жобасында, депутаттардың ұсыныстары бойынша, шағын бизнес саласында квазимемлекеттік құрылымдарды құруға тыйым салу белгіленді. Сонымен қатар, мемлекеттік кәсіпорындар үшін еншілес және тәуелді ұйымдарды құру бойынша шектеулер қарастырылған. Одан басқа, жобаны әзірлеушілер ұсынған банкроттық, өндірісте тұрған кәсіпорындардың микрокаржы ұйымдарында несиелеуді іске асыруға мүмкіндік беретін ұстанымдары алынып тасталды.
«Қойылған міндеттердің іске асырылуына байланысты, «Ақ жол» Демократиялық партиясының фракциясы бұл құжатты Қазақстан экономикасының дамуының, нарықтық жолының сақталуының маңызды факторы ретінде принципті тұрғыдан қолдайды және мейлінше қуаттайды», - деп мәлімдеді Е.Никитинская және депутат-әріптестерін заң жобасын екінші оқылымда қолдауға шақырды.
«Ақ жол» ҚЦП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және казақстандық бизнестің мүдделерін қолдау жөніндегі жұмысын жалғастырады.
 
Дерекнама - Казак унi (Алматы), № 13 (672), 07.04.2015