20
Желтоқсан

Санат жоқ 20.12.2013

«Ақ жол»: Үкімет «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның қабылдануымен тоқмейілсіп кетпеуі тиіс – мемлекеттік сатып алу саласында ұлттық экономикалық мүдделерді қорғау бойынша шұғыл шаралар қажет

20 желтоқсан  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Мәжілістің өткен пленарлық отырысында  заң жобасын екінші оқылымда талқылау кезінде Азат Перуашев Үкімет «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның қабылдануымен тоқмейілсіп кетпеуі тиіс деп мәлімдеді. «Ақ жол» партиясының депутаттары бірінші оқылым барысында осы заң жобасын қолдаудан бас тартқанын естеріңізге саламыз, өйткені ол үкімет ұсынған редакцияда ұлттық бизнестің мүдделеріне айтарлықтай қауіп келтірген.
«Біз бүгін екінші оқылым барысында қаржы министрлігінің атынан заң дайындаушылардың біз көрсеткен кемшіліктерді жоюмен жұмыс жасағанын атап өте аламыз. Қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау бөлігіне қатысты «Ақ жолдың»  принципті ұстанымдарының барлығына дерлігі ескерілген; ал осы заң жобасында ескерілмей қалған мәселелер бойынша қаржы министрлігінің басшылығы біздің фракцияға қаңтар айында басталатын жаңа заңды әзірлеу барысында олар іске асырылады деген жазбаша міндеттеме берді. Бірақ, осы нәтижелер үкіметті босаңсытпауы тиіс, олармен тоқмейілсіп кетуге болмайды», - деп атап көрсетті А.Перуашев.
Ол заң жобасын жақсартуға салған бар күшті «жоққа» шығаратын Кедендік одақ шеңберінде мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар туралы (2011 жылы 8 шілдеде  алдыңғы шақырылымдағы Парламент бекіткен)  Келісім нормаларына әріптестерінің назарын аударды. Мысалы, осы келісімнің шарттары тек мемлекеттік сатып алуларға ғана емес, қазақстандық өндірушілерді қорғауды қалдыра салып, мұнда біз аттап өтуді жоспарлаған квазимемлекеттік секторға да таратылады.
Одан басқа, біздің техникалық реттеу шаралары арқылы қазақстандық мемлекеттік сатып алуларға қолжетімділікті қалыптастыруға тырысқан әрекеттеріміз іске аспай қалады, себебі көрсетілген келісіммен КО-қа өзге елдерден өнім берушілердің қатысуына тыйым салатын  құжаттарды қолдануға жол берілмейді.
Осыған байланысты, «Ақ жол» партиясының көшбасшысы осы құжатқа өз наразылығын білдірді: «Бұл Келісім ұлттық бизнестің мүдделерін мүлдем ескермейді және отандық кәсіпкерлердің пікірін есепке алмай жасалған. Ол заң жобасымен атқарған қазіргі жұмысымызды жоққа шығарады. Екі апта бұрын ғана, бізге интеграция мәселелері жөніндегі министр (Ж.Айтжанова) оның ведомствосының Кедендік одақ және ДСҰ бойынша келіссөздерде Қазақстанның экономикалық мүдделерін қалай алға бастыратыны туралы өте әдемі суреттеп берген еді  - міне сол жұмыстардың бар құны осы болды».
Біз үшін Келісіммен рұқсат берілген өзіміздің өндірушілерімізді қорғайтын жалғыз мүмкіндік  - бұл мемлекеттік сатып алу барысында өнімдердің нақты атаулары бойынша  2 жылдық өндіруді алу.
Өз сөзінде, А.Перуашев үкіметті босаңсымауға және қазақстандық кәсіпорындар мемлекеттік сатып алуға шығаруға мүмкіндігі бар өнімдер бойынша тез арада ұлттық бизнеспен кеңесулерді бастауға шақырады. Нақты алынатын өнімдердің дәл тізімін белгілеуі, содан кейін қалған екі жыл ішінде ұлттық экономикалық мүдделерді және мемлекеттік сатып алу саласында қазақстандық компаниялардың ұстанымдарын қорғау бойынша шараларды жүргізу қажет, - деді ол. - Осы заңды қабылдай отырып біз үкіметке ерік береміз, алайда жағдайды одан әрі дамыту үшін оған түсетін жауапкершілік туралы ескертеміз».
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.