«Ақ жол»: Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау үшін міндетті түрде жабдық орнату туралы талап кәсіпкерлерді жаппай жауапкершілікке тартуға әкеледі
30 қаңтар 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау үшін міндетті түрде жабдық орнату туралы талап кәсіпкерлерді жаппай жауапкершілікке тартуға әкеледі– деп мәлімдеді Нұрлан Жазылбеков Мәжілістің пленарлық отырысында. Премьер-Министр С.Ахметовтің атына жолданған фракцияның депутаттық сауалында заңнамалық жаңа енгізілімдердің заңды күшіне енуіне байланысты сөз болып отыр, оған сәйкес ЖК немесе заңды тұлғаларды төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты орнатуды қамтамасыз етуге міндетті. Салық төлеушілердің шектеулі тобына ғана ерекшеліктер жасалған.
Сауалда көрсетілгендей, бұл бизнес-қоғамдастығында және тіпті банк ұйымдарының өздерінің ішінде де әркелкі алаңдатушылықты тудырды. Екінші деңгейдегі банктер компаниялардан келіп түскен терминалдарды орнату үшін тапсырыстарды қабылдап үлгермей жатыр. Қазіргі уақыттабанктергетек Астана қаласы бойынша 100-ден аса ірі компаниялар жабдықты орнатуға өтініш берген және тапсырыстар күн санап өсіп келеді. Бүгінгі таңда POS-терминалдарсыз өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 161-1 және 161-2-баптары бойынша жауапкершілікке тартуға болатындығы ерекше мазалайды. Ең төменгі айыппұлдың мөлшері 40 айлық ең аз есептік көрсеткішті құрайды. Бұл жеке кәсіпкер үшін қомақты қаржы.
Депутаттың ойынша, терминалдармен толық қамтудың кешігуі тек POS-терминалдарының жоқтығына байланысты емес, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және кассирлерді оқыту, коммуникация жүйесін тарту біраз уақытты алады. Кәсіпкерлер жабдықты ақылы түрде өздері мамандандырылған берушілерден ала алады, алайда банктердің айтуынша алынатын терминалдар банктік бағдарламалық қамтамасыз ету пішім үйлесіміне сай келмейді.
Бұдан басқа, Н.Жазылбеков банктердің өзі бұл мәселе бойынша өздерінің экономикалық ұстанымдарын анықтамағаны туралы фактіге назар аударады. Ол екінші деңгейдегі банктердің комиссия мөлшерлері туралы тәуелсіз агенттіктердің мониторингтерін келтіреді, олар 0,5 % -дан 4,5 %-ға дейін құбылып тұр. Басқа банктердің карталарымен қызмет көрсетілгенде банк комиссияларын теңестіру бойынша мәселе реттелмеген. Яғни, өзге банктің картасымен төлейтін кәсіпкер және тұтынушы терминалдарды орнатушы банктердің клиенттерімен тең емес жағдайда. Сонымен қатар, банктермен орнату шарттары алдын-ала ескертіледі: транзакцияның төменгі шегі бизнестің жалпы айналымының 30 % құрауы тиіс.
«Ақжодықтар» POS-терминалдарды орнату тек банктерге ғана пайдалы екеніне сенімді. «Банктерде ақшалай түсімдердің қосымша көзі пайда болады – кәсіпкерлер оларға қаржы айналымынан 3,5 % дейін аударып отырады. POS-терминалдарды міндетті түрде орнату кәсіпкерлерді тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің бағасын қымбаттатуға мәжбүрлейтіні анық – деп атап өтті Н. Жазылбеков. Осыған байланысты, «Ақ жолдың» депутаттары көрсетілген мәселе бойынша өтпелі шараларды әзірлеуді қажет деп есептейді».
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыруды және отандық кәсіпкерлерді қолдау жұмысын жалғастыра береді.