2013 жылғы 14 – 15 қаңтарда депутат М. Қазбекова Павлодар қаласы кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесті
15 қаңтар 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Ү. ж. 14 – 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Павлодар қаласының «Алюминий Қазақстан» АҚ, «Қазэнергокабель» АҚ мен «Су арнасы» ЖШС ұжымдарымен кездесті.
Депутат Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтары, Мәжілістің және «Ақ жол» ҚДП-ның парламенттік фракциясының қызметі туралы баяндады, кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
Кездесу барысында депутат сұрақтарға жауап берді.