14
Қантар

Санат жоқ 14.01.2013

«Ақ жол» фракциясының депутаты Талғат Ерғалиев Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында Шығыс- Қазақстан облысында бірқатар кездесулер өткізді

2013 жылдың 14 қаңтары, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз-қызметі
 Парламент  депутаттарының аймақтарға шығу іс-шараларының аясында сайлаушылармен кездесулер өткізу үшiн «Ақ жол» ҚДП фракциясының  мүшесі Талғат Ерғалиев Шығыс  Қазақстан облысында  болды.
         Депутаттың бірінші көрген нысаны «УК Техногрупп» ЖШС құрылыс компаниясы. Мұнда ЖШС жұмысшыларымен кездесу барысында сметалық есептердің  құрылыс кезіндегі шын мәнісіндегі деректерге сәйкес келуі,  сапалы  жобалық  жұмыстардың болмауы  туралы  мәселелері талқыланды.
Құрылыстың қымбаттауына және тапсырыс берушімен өтелмеуіне әкелетін құрылыс  тораптарына және материалдары жобасында және сметасында ескерілмеген мәселелер көтерілді. Бұл шағын және орта бизнестің  мемлекеттік тендерлерге қатысуының  тиімсіздігіне әкеліп соқтырды. Сондай-ақ ЖШС-нің өндірімділігіне  білікті кадрлардың жетіспеуі де әсер ететіні туралы айтылды.
         Келесі кіріп шығу нысаны облыстық балалар медициналық орталығы және «Азия Авто» ЖШС-сы болды.  Кездесу барысында  еңбекақы, еңбек шарттары, қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, зейнетақыға шығу мәселелері талқыланды. Осымен бірге, депутатты «Азия Авто» - да «Škoda», «Kia» және «Нива» көліктерін жинау технологиясымен таныстырды.
         Осы күні Талғат Ерғалиев қалалық мәслихат депутаттары және кәсіпкерлерімен кездесті. Аймақтық кәсіпкерлердің мәселелері «2050 Стратегиясының» аясындағы олардың даму жолдары тұрғысынан айтылды.
         «Ақ жол» фракциясының депутатының Белоусов  байыту фабрикасының жұмысшыларымен және Ертіс кеніші шахтерларымен кездесулері жемісті өтті. Депутат кездесіп отырған проблемалармен танысты, мәселен, еңбек жағдайлары, еңбекақы, зейнетақыға шығу жасы мәселелері талқыланды, Ергалиев қатысушылармен Президенттің  Жолдауын түсіндіру жөнінде  жұмыс жүргізді. Депутат фабрика жұмысшылары мен шахтерлар тарапынан Жолдауды қолдайтындықтарын естіді.
        Сол күні, 15 қаңтарда өзінің 60 жасында көпсалалы кәсіпорын ұйымдастырған «Козлов» ЖК  жетекшісімен  кездесті. «Козлов» ЖК темір және басқа түрлі-түсті металдарды алу мақсатында күлдің және металлургиялық қалдықтардың  өңдеуіне қатысты инновациялық ұсыныстармен шықты.
        «Ақ жол» фракциясының депутаты Талғат Ерғалиев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы (ҮИИД) шеңберінде құрылған күн батареялары  үшін кремнийлі тілімшелер шығаратын жаңа инновациялық зауытқа барды. Мәлімет үшін, зауыт жобасының құны 27 млрд теңгені құрайды.
        «Ақ жол» фракциясының депутаты ШҚО-дағы жұмыс сапарының үшінші  күнінде  «Титан» компаниясы тобының басшылығымен және жұмысшыларымен кездесулер өткізді. Депутат «Титан» КТ құрылысы қарқынымен және өндірістік жұмыстар кестесімен танысты.
         Осымен бірге,  Ақ жол» фракциясының депутаты  БЦС-мен ауыратын балаларды және басқа неврологиялық ауруға шалдыққандарды емдеу үшін құрылған аттық емдік манежіне барып шықты. Ат фермасын көру кезінде депутатқа фермамен таза қанды жүйрік аттарды өсіру туралы айтты.
         Т.Ерғалиев ҚР-ның ШҚО-ның табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агентігінің департамент директорымен бірге тарифтерді  құру  мәселелерімен танысты, оған құқықтық нормалардың бұзушылықтары, мәселен, монополиялық мекемелердің тарапынан жеке және заңды тұлғалардың құқықтарына қысым жасалуы туралы айтылды.
        17 қаңтарда депутат ШҚО бойынша өзінің сапарын аяқталуы кезінде 'Үлбі  металлургия зауыты' АҚ және 'Қазцинк' ЖШС еңбек ұжымдарымен кездесті. Кездесу барысында депутат Қазақстан Халқына Жолдауынан туындайтын  Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша міндеттерді  белгіледі, өз кезегінде, кәсіпорын жұмысшылары депутатпен әйелдердің зейнетақы жасы, жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, кәсіподақтардың орталықсыздандыру және оларға қосымша өкілеттіктер беру, кәсіпорындарды білікті мамандармен, мәселен, инженерлермен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
         Талғат Ерғалиев облыс бойынша жұмыс сапарының соңғы күнінде аймақтың кәсіпкерлерімен кездесті, кездесуде қатты-тұрмыстық қалдықтарды  қайта өңдеу және 3 мВт дейінгі ауқымда  арзан электроэнергия қуатын алу бөлігіндегі авторлық өнертабысын ендіру мәселелері айтылды.