14
Шілде

Санат жоқ 14.07.2015

«Ақ жол» ҚДП фракциясының 4 сессиядағы жұмысының қорытындысы жөнінде ақпарат

«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы ағымдағы сессиясында партияның сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша жұмысын жалғастырды. Төменде фракция жұмысының кейбір нәтижелері жөнінде ақпарат беріледі.
Заң шығарушылық қызметі
Мемлекет басшысы төртінші сессияның ашылуында, Парламент палаталарының бірлескен мәжілісі барысында 2015 жылдан бастап коммерциялық мақсаттарда қолданылмайтын пайдалану мерзімі жеке автокөлікке 7 жылға дейін техникалық байқаудан өткізуді жою туралы тапсырма берді. Сәйкес өзгерістер «Жол жүру туралы» Заңға енгізілді (2014 жылдың желтоқсан айының соңында қол қойылды), одан кейін Жол жүру ережелерін сәйкестікке келтіру бойынша жұмыс басталды. 2015 жылдың 23 маусымында Ережелердегі өзгерістер өз күшіне еніп, оларға сәйкес коммерциялық мақсаттарда қолданылмайтын 7 жылдан аз пайдаланылған  жеке автокөліктер үшін техникалық байқаудан күшін жойды.
Фракцияның жеке қолдануға арнаған жаңа жеңіл автокөліктердің техникалық байқауын болдырмау бойынша ұсыныстарының ІІМ мен Көлік және коммуникация Министрлігінің (2012ж. рұқсат беру құжаттарын қысқарту мәселелері бойынша), көлік мәселелері (2012-2013жж.), жол жүру (2013-2014жж.) мәселелері бойынша кері көзқарастарымен бас тартылғандығын еске түсіреміз. Сондықтан да «Ақ жол» депутаттары бұл шешімді мыңдаған қатардағы қазақстандықтар үшін айтарлықтай жеңілдік деп қабылдады.
Фракция өткен сессия соңында жаңа мемлекеттік кәсіпорындарды құруға мораторий енгізуді ұсынды. IV сессияның басталуының алдында БАҚ-ынан бұл ұсыныстың Үкіметпен құпталғаны мәлім болды – мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша заң жобасы мақұлданды. «Ақ жолда» мұны «Бұл жеке бизнестің тең бәсекелестігін жеке оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша дұрыс және маңызды шешім» деп есептейді.
Фракция 10 қыркүйекте Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарын тиімді іске асыру туралы мәселе көтерді. Алғашқы жекешелендірілген объектілер төңірегіндегі даулы жағдайларға байланысты депутаттар қорытындылардың ашық қолжетімділікте жариялануын қоса алғанда, жекешелендірудің ашықтығын күшейтуді, сондай-ақ бұл процесстің мониторингі жөніндегі Қоғамдық кеңесті не Парламенттік топты құруды талап етті.
Қаржы министрінің қолы қойылған жауап хатта депутаттарды жұмыс істеп жатқан Комиссия құрамына енгізу ұсынылды.
Фракция депутаттары шенеуніктер жемқорлығы мен бизнестегі бұзушылықтарды бөлуін қарауды ұсынған. Бұл ұсыныстар Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікпен және Қаржы министрлігі арасындағы өкілеттіктерді бөлу барысында ескерілген.
Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын талқылау барысында Агенттік басшысы Қ.Қожамжаров ол туралы «Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі агенттік кәсіпкерлерді бұдан былай қудаламайды, ал қаржы полициясымен бизнесмендерге қарсы бұрын қозғалған қылмыстық істер Қаржы министрлігіне беріледі» - мәлімдеді. Ол «жемқорлықтың нақты анықтамасы – ол байып алу мақсатында қызмет жағдайын пайдалану», ал «жемқорлық субъектілері әрдайым тек мемлекеттік қызметкерлер ғана болып табылады» - деп атап өтті. Сондықтан да жемқорлықта кәсіпкерлер айыпталатын тәжірибеде – ол «тоқтатылуы тиіс» «жемқорлықты кеңінен түсіндіру» болып табылады.
Агенттік мемлекеттік қызметті жетілдірумен және мемлекеттік органдар арасында жемқорлықты алдын алумен айналысатын болады. Бизнестің қаржылық бұзушылықтарына байланысты мәселелер Қаржы министрлігіне жатқызылатын болады.
А.Перуашев «Мұндай тәсілде кәсіпкерлерге бағытталған әділетсіз қудалаудар мысалдары артта қалады деп үміттенеміз. Бүгінгі таңдағы бизнестегі экономикалық бұзушылықтар мен шенеуніктер жемқорлығы арасындағы шектеулер ұтымды рөл атқаруы тиіс. Көптеген кәсіпкерлердің жеңілдейтініне сенемін» - деді.
Сондай-ақ бұл сессияда кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасында жалған кәсіпкерлік мәселелері бойынша көпжылдық талқылауларға нүкте қойылды – фракция салық салу мәселелері бойынша заң жобасындағы жұмыс барысында кәсіпкерлер үшін жалған кәсіпкерлермен мәмілелер жөніндегі салықтар бойынша қоса есептеуді болдырмау құқығына қол жеткізді.
А.Перуашев өз сөзінде «2006 жылдан бері басталған жалған кәсіпкерлік жөніндегі дауда маңызды шешім қабылданды. Бұл заң жобасында, әйтеуір, кәсіпкерлерге сотта мәмілелер заңдылығын дәлелдеу мүмкіндігін бердік» - деп атап өтіп, мерзімі жеткен мәселені жемісті шешу мен бизнес мәселелерін түсінгендері, қолдау көрсеткендері үшін Үкіметке, әріптес-депутаттарға, жұмыс тобына алғысын білдірді. «Шынына, бұл үлкен әрі жүйелі нәтиже», - деп қосты.
Осы күнге дейін жалған кәсіпкерліктердің алаяқтық әрекеттері үшін қаржылық санкциялардың салық органдарының деректеріне сене отырып аңғырттықпен келісімшарт жасаған адал бизнеске аударылып отырғанын еске саламыз. Фракция бұл мәселемен Үкіметке, Президент Әкімшілігіне, Бас Прокуратураға шығып, Қылмыстық, Салық кодекстеріне жаңа редакциясына  тиісті түзетулер енгізген.
Фракция мүшелері – 45 жұмыс тобының құрамында болды, олармен 100 қорытынды дайындалды, заң жобаларына 1370-тен астам ұсыныстар енгізді.
Мәселен, Азаматтық процессуалдық кодекс жобасына 65 түзету енгізіліп, оның 43-і қабылданды, құқықтық актілерге енгізілгені – 20, қабылданғаны – 10; көші-қон және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу мәселелері бойынша – 15, қабылданғаны – 14; қылмыстық-атқарушылық заңнаманың жетілдірілуі бойынша – 8, қабылданғаны – 2; білім беру мәселелері бойынша – 43, қабылданғаны – 34; кәсіпкерлік қызмет үшін шарттарды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша – 22, қабылданғаны – 15, Денсаулық туралы кодекс жобасына – 72, қабылданғаны –  51.
Қаралып жатқан заң жобаларына түзетулер енгізілуде: Кәсіпкерлік кодексі жобасына – 124, қабылданғаны – 87 (оның 35-і – ілеспе бойынша) өзін-өзі реттеу бойынша – 35, мемлекеттік сатып алу бойынша – 26, қабылданғаны – 24.
Фракция депутаттары ағымдағы сессия барысында дайындап, 2014 жылғы 6 қазанда Үкіметке «Инвестициялық қызмет және бизнес-көші-қон саласындағы кәсіпкерлік қызметті жеңілдету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қорытынды жіберілді. Заң жобасының негізгі мақсаты – бизнес-көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру және Қазақстан экономикасына қосымша қаражаттар мен инвестициялар таратуды ынталандыру.
Жобамен жеке кәсіпкерлер ретінде Қазақстан азаматтары, сол сияқты оралмандар да, әрі ҚР визасыз тәртіп туралы келісім бекіткен, басқа елдерден келген тұлғалардың да бола алуы қарастырылған. Инвесторлар үшін әкімшілік кедергілерді төмендету, инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту, бизнес-көшіп-қонушыларға кіру мен визалар беру жағдайларын жеңілдету, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектісінің табысты қызмет ету жағдайларында ҚР тұру бойынша жеңілдету шаралары енгізілген.
Заң жобасы 2014 жылғы 28 қазанда ВАК отырысында  қаралып, ескертулердің есепке алынуымен тыңғылықтау жөнінде шешім қабылданды. Бірақ, 2014 жылғы 11 желтоқсанда Парламент Мәжілісіне ҚР Үкіметінің (№17-59/4911) оны қабылдаудың мақсаттылықсыздығы туралы қорытындысы келіп түсті.
Фракция жетекшісі А.Перуашев Кәсіпкерлік кодекстің жобасы бойынша жұмыс тобын басқаратын болды, онда кәсіпкерлік пен мемлекет субъектілерінің өзара әрекет етуінің бірыңғай принциптері бекітіледі.  А.ж. 10 маусымында Жоба бір ауыздан Мәжіліспен бірінші тыңдалымда құпталды.
Т.Ерғалиев «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобын басқарды (2014ж.19.12 Үкіметпен шақырылды).
Фракция тұрғын үй қатынастары бойынша заң жобасын қолдамады, өйткені фракция түзетулерінің бірқатарынан ба тартылды. 1. Саяжайлық тұрғындар мүдделерін қорғауға түзету. Бақша учаскелеріндегі күрделі үйлерді теңқұқылы баспана ретінде тану ұсынылды. Мемлекет оларға тіркелім беруге рұқсат берді, бірақ, бұл учаскелерді алып, ондағы үйлерді мемлекет қажеттіліктеріне бұзған жағдайларда тұрғын үй деп есептемей, төмендетілген сомалар төлейді. 2. Балалар тууы кезінде жас отбасыларын ипотекаларға субсидиялар енгізу – үкіметтің кері қорытындысы алынды. «Егер де мемлекет 20-30% субсидия бере алмайтын болса, онда 5%, 3%, тіпті 1% субсидияласын. Мәселе тек сомасында ғана емес, сондай-ақ мәселеге деген көзқараста, - деп есептейді «Ақ жолда». – Ол қаражаттық емес, тым құрығанда мемлекеттің жас отбасыларына деген номиналды, саясиұстанымы белгіленсін».
Бірінші тыңдалымда білім мәселелері бойынша заң жобасы қолдау таппады.
Мәселе мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту бойынша Президенттің тапсырмаларын орындау жолында құзіретінен шығып кеткен ЖОО мен ТжәнеКБ ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу бойынша ҚР БҒМ-нің өз өкілеттігін қайтаруға талпынысы жөнінде болып отыр.
2015 жылдан бастап мемлекеттік бақылаудың бұл түрін толық тәуелсіз аккредитациямен алмастыру, сондай-ақ 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасымен анықталды және 2011 жылы заңнамалық деңгейде бекітілді.
«Жаңа түзетулермен және мемлекеттік аттестаттауды қайтарумен біз Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша барлық алдыңғы оң жұмыстарды сызып тастаймыз және тәуелсіз аккредитация институтының дамуын тежейміз», - деп атап өтті А. Перуашев және БҒМ-нің мемлекеттік аттестаттаудан басқа да жеткілікті бақылау құралдарының бар екендігін еске салды.
Фракция депутаттары уәкілетті орган ұстанымының жыл сайын өзгеруі елдің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының реттілігін бұзады деп есептейді.
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет ету мәселелері жөніндегі заң жобасы бірінші тыңдалымда қолдау таппады. Заң жобасымен көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету мақсатында қаржылық мониторинг субъектілерінің тізімі кеңейтіледі және субъектілердің бес түрінің қызметі үстінен бақылау енгізіледі.
«Төрт жағдайда сөз ұсақ бизнес туралы (лизинг, несиелік және микроқаржылық ұйымдар, ломбардтар, риэлторлар), ал енді біреуінде – қысымды емес, қолдауды қажет ететін индустриалдандыру сферасы туралы болып отыр, - деп атап өтті Азат Перуашев заң жобасын талқылау барысында. – Соған қоса, нақты жемқорлық ағындар алынбайды, біздің нақты бақылауға алу ұсыныстарымыз еленбейді: мемлекеттік органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және ұлттық компаниялардың жетекшілері үшін оффшорлық зоналарда шет елдік есеп шоттардың болуына тыйым салу, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұлттық компаниялардың сатып алуларын реттейтін «Сатып алулар туралы» Заңды құрастыру».
 
 
Азаматтардың жүгінулерімен жұмыс, депутаттық сауалдар
Сессия барысында фракция депутаттарына 430 жазбаша жүгіну, қоғамдық қабылдауға 518 адам келген. Анағұрлым жүйелі мәселелер бойынша депутаттық сауалдар дайындалады. Сессия барысында барлығы 49 депутаттық сауалдар жарияланды.
Сөйтіп, ата-аналар жүгінулері бойыншасауалдар жария етілді:
2014 жылдың 4 қыркүйегі – оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелері туралы; а.ж. 27 мамыры – оқушылардың қалыпты демалысқа және толыққанды балалық шаққа құқықтарын қорғау.
2014 жылдың 11 қыркүйегінде отандық машина жасаушылардың үндеухаттары бойынша отандық автоөндірісті қолдау сауалыжария етілді.
2014 жылдың 17 қыркүйегінде азаматтар мен медициналық мекемелер өкілдерінің жүгінулері бойынша Қазақстанда «Метадонның» қолданылуына тыйым салу қажеттігі туралы сауал жарияланды.
Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жүгінулері бойынша келесі сауалдар жарияланды:
2014 жылдың 17 қазаны – ауыл шаруашылығын қаржыландыру мәселелерін шешу бойынша іс-шаралар туралы; 2014 жылдың 22 қазаны – мал шаруашылығының тұқымдық базасын қамтамасыз ету үшін сорго дақылын өсіру қажеттігі туралы.
2014 жылдың 10 желтоқсанында «Қазақ кереңдер қоғамы» Орталық басқармасының жүгінуі бойынша туа біткен керең-мылқау тұлғаларға ІІ мүгедек тобын беру қажеттігі туралы сауал жария етілді.
А.ж. 14 қаңтарында қазақстандық шарап өндірушілердің үндеухаты бойынша олардың ЕАЭО бірыңғай нарығындағы мүдделерін қорғайтын сауал жасалды.
Отандық тауар өндірушілердің жүгінулері бойынша сауалдар жарияланды:
2014 жылдың 30 қыркүйегінде – отандық экспортшыларды қолдау шаралары туралы; 2014 жылдың 20 қарашасында – тікелей отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын тауарлар тізімін шұғыл бекіту қажеттігі туралы; а.ж. 15 қаңтары – ішкі нарықты әділетсіз импорттан қорғау; а.ж. 28 қаңтары – Ұлттық банкке ЕДБ несиелерін теңгемен беруді тоқтату туралы; а.ж. 13 ақпаны және 10 маусымы – «Сатып алулар туралы» Заңның қажеттілігі туралы; т.б.
Содан басқа, азаматтардың жүгінулері бойынша мемлекеттік органдарға сәйкес хаттар жіберіледі, қолданыстағы заңнамаға түзетулер дайындалады.
Жүгінулер бойынша жұмыстың кейбір оң нәтижелері
Жамбыл облысынан ТОО «Гамбург» АӨК кәсіпорнын 2015 жылдың бюджеттік инвестициялық жобаларының тізіміне енгізу бойынша мәселе шешілді.
«Асылбеков А.П.» ЖК жүгінуі бойынша Бас прокуратурамен үлестік құрылыс және тұрғын үй қатынастары сферасындағы таластар бойынша сот актілеріне кассациялыққарсылық білдірілді.
Б.Нарбековтың және т.б. жүгінуі бойынша ОҚО прокуратурасымен Бас прокуратураның тапсырысы бойынша «НПЦзем» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының жетекшісі Е.Зорбановқа қатысты қылмыстық іс бақылауға алынды және тергеу қайта жаңартылды.
Депутаттық сауалдарға кейбір оң жауаптар
<!-- [if !supportLists]-->·  <!--[endif]--> Сәйкес сауалдан соң бір айдан кейін Үкіметтің қаулысымен отандық тауар өндірушілерден тікелей сатып алынатын тауарлар Тізімі бекітілді.
<!-- [if !supportLists]-->·  <!--[endif]-->Мүгедектердің мемлекеттік органдарда және ұлттық компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігі үшін олардың жұмыс орнының стандарттарын әзірлеу қажеттігі туралы сауалға Үкімет стандарттарды әзірлеу 2015 жылы аяқталады деп жауап берді.
<!-- [if !supportLists]-->·  <!--[endif]-->Ғимараттарды автотұрақтармен қамтамасыз етілу нормаларын қабылдау қажеттігі туралы сауалға «құрылыс нормаларына қажет түзетулер дайындалады» деген жауап алынды.
<!-- [if !supportLists]-->· <!--[endif]-->Бірыңғай ЕАЭО нарығында тең бәсекелестік принциптерінің бұзылуы туралы сауалға «алкоголь өнімдері жарнамасына бірыңғай тәсілдер дайындау туралы мәселе Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің жақындағы отырысына ұсынысқа енгізілетін болады» деген жауап келді.
<!-- [if !supportLists]-->· <!--[endif]-->Жалған кәсіпкерлер мен қолма-қол ақшаға айналдыру кеңселерінің салық органдары қызметкерлерімен байланыстары туралы сауалға «салықшылар» қатынасында өткізіліп жатқан тексерулер жөнінде ақпарат алынды.
Сессия басталғаннан бері фракциямен келесі мәселелер көтерілді:
<!-- [if !supportLists]-->· <!--[endif]-->Бизнесті қолдау шараларын іске асыруды парламенттік бақылау; «Нұрлы жол» қаражатын  бақылау жөніндегі комиссияға барлық парламенттік фракцияларды енгізу; Мемлекет Басшысымен а.ж. 12 маусымында жарияланған инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға заңасты актілерді дереу қабылдау; Қазақстанның ұлттық мүдделерін Еуразиялық одақ шеңберінде қорғау; өңдеу өнеркәсібін салықтық ынталандыру; зейнетақылық активтерді басқаруды нақты секторда инвестициялау үшін Үкіметке беру қажеттілігі; қолжетімді тұрғын үй  салу барысында қауіпсіздік талаптарының бұзылуы; балалар автокреслолары туралы нормаларды қайта қарау; бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалану және көптеген басқа мәселелер көтерілді.
Халықаралық ынтымақтастық
2014 жылғы 23 қыркүйекте фракция депутаттарының Индонезияның парламенттік делегациясымен кездесуі өтті. Индонезиялық делегация 6 партиядан 13 депутаттан Қазақстан-Индонезия ынтымақтастығының парламенттік тобымен ұсынылды. Кездесуге ҚР-ндағы Индонезия елшісі Фостер Гулт қатысты.
2014 жылдың 23 – 26 қазаны аралығында Қытай Компартиясының ОК шақыруы бойынша фракция өкілдерінің ҚХР-ына сапары болды. Сапар шеңберінде Халық Өкілдерінің Жалпықытайлық Жиналысының Тұрақты комитеті Төрағасының орынбасарымен, Қытай Компартиясы ОК Халықаралық бөлімі, индустриалды экономиканың Жалпықытайлық федерациясы, меншікті сектор үшін Қытайлық сауда палатасы басшылығымен кездесулер өтті. Н.Жазылбеков Шанхай қаласында ҚХР оқитын қазақстандық студенттермен кездесті.
А.ж. 22 қаңтарында А.Перуашев Европарламент депутаты, ЕО Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі делегация басшысы Ивета Григулемен кездесті.
Фракцияның кейбір акциялары мен іс-шаралары
Фракцияның партияның аймақтық филиалдарымен бейнеконференцбайланыс режимінде 38 отырысы өткізілді.
«Дөңгелек үстелдер» өткізілді: а.ж. 20 қаңтарында – ҚР «Жол жүру туралы» Заңының жаңа нормалары бойынша; а.ж. 11 сәуірінде –  «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбына.
Қарағанды және Ақмола облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек акциясы ұйымдастырылды. 15 сәуірде фракция-мүшелері-депутаттарының біркүндік жалақысын зардап шеккендерге көмек ретінде аудару туралы шешім қабылданды – сәйкес хат Мәжіліс спикері Қ.Жақыповтың атына жіберілді. 18 сәуірде Қарағанды облысында зардап шеккендерге гуманитарлық көмекпен 6 машина жіберілді. 18 мамырда Ақмола облысының Оразақ ауылына гуманитарлық жүк жіберілді. Ауыл ішінде халыққа көмек беру бойынша қосымша пункт орналастырылды.
Жеңіс күні қарсыңында «Ақ жол» депутаттары Мәжілістің пленарлық отырысына қазақстандық-батырлар есімдерімен көгілдір ленталар тақты. «Ақ жол» Тәуелсіздік күні, Жеңіс күні, саяси репрессиялар құрбандарын еске алу күні қарсыңында көгілдір ленталарды 2013 жылдан бері таратып келеді.
А.ж. 20 сәуірінде волейбол бойынша турнир ұйымдастырылды, оған өзге парламенттік фракциялар депутаттары да қатысты. Екінші орын алған Мәжіліс құрамасында депутаттар Е.Бектұрғанов, И.Өмірзақов, Ш.Өтемісов, Т.Өмірзақов, Н.Жазылбеков, Т.Ерғалиев, депутат көмекшілері Д.Нұртаева, Р.Хаматханова, Д.Төлешева ойнады. 
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша өз жұмысын жалғастыруда.