31
Қантар

Санат жоқ 31.01.2013

«Ақ жол»: Астанада үлескерлерді мәжбүрлеп үйден шығару құқықтық нормаларды бұзумен жүргізіліп жатыр – фракция депутаттары үлескерлердің бастамашыл тобын қабылдады

31 қаңтар 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
      Кеше «Ақ жол» ҚДП Қоғамдық қабылдауында фракция депутаттары А.Перуашев, Н.Жазылбеков, А.Тұртаев, Т.Ерғалиев  үлеске кіру шарты бойынша бір ғана тұрғын үй алған басқа азаматтардың мүддесіне орай екі немесе оданда көп пәтері бар  36 үлескерлерді шығару туралы сот шешімдерін орындау шеңберінде «Алтын ғасыр», «Байқоңыр», «Европейский» және «Үміт» тұрғын үй кешендерінен мәжбүрлемелі түрде үйден шығарылып жатқан тұрғындардың бастамашыл тобын қабылдады.
        Бастамашылар тобының айтуынша, сот актілерін орындау барысында сот орындаушылар тарапынан негізсіз күш көрсету, соққыға жығу және өзге де денеге зақым келтірулер орын алған. Қақаған қыстың суығында азаматтар балаларымен, зейнеткерлер, мүгедек жандар, жүкті әйелдер пәтерлерінен шығарылған.
        2012 жылдың сәуірінде үкімет әкімдік жанындағы үлестік қатысу мәселелері жөніндегіведомствоаралық комиссияларға үлеске кіру шарты бойынша бір тұрғын үй алған азаматтардың мүдделерін қорғау туралы мәселені шешуді тапсырған.
        Үкімет қаулысының негізінде «бір қолға - бір тұрғын үй» қағидасы жатыр, яғни екі немесе одан да көп пәтердің құрылысына салған үлескерлер мемлекеттің қаражаты есебінен салынып біткен пәтерлердің тек біреуін ғана алады.
         Алайда, пәтерлер үшін өз қаражаттарының есебінен дербес төлеген үлескерлер және үйлері негізінен құрылыс салушылардың өздерімен салынған болса, қисын бойынша, көрсетілген Қаулының іс әрекетіне кірмеуі керек еді.
        Бастамашыл топтың ақпараттары бойынша, Астана қ. әкімдігінің жанындағыведомствоаралық комиссия көрсетілген мәселені шешуге үстірт келген, нәтижесінде жоғары деңгейдегі дайындықта тұрған үйлерден өз қаражаттары есебінен үй алған азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделері бұзылып отыр.
        «Егер мемлекет есебінен тұрғын үйдің 10-20 пайызы ғана салынса, онда біз банкке ұқыпты төлеп отырған меншігіміздің бірден жартысынан неге айырылуымыз керек?» - деп сұрайды тұрғындар.
        Олардың мағлұматтары бойынша, тартып алынған пәтерлерге қалалық билік салынып бітпей қалған объектілердің үлескерлерін кіргізуде. «Шенеуніктер үлескерлердің мәселелері шешілді деп есеп беру үшін бізді жасанды түрде өзіміз сияқты бейшаралармен қақтығыстырып отыр – деп есептейді бастамашыл топ. Алайда, бұл заңға және барлық құқықтық нормаларға қарамастан жасалып отыр. Бізден әншейін ғана тартып алады және біздің өз еңбегімізбен тапқан меншігімізді басқа біреулерге береді».
       Пәтерден шығарылған үлескерлердің бір бөлігін кезінде нақты бір жағдайларға байланысты үлеске кіру келісім шарты бойынша өздерінің туыстары үшін пәтер алып бергендер құрайды. Бұл пәтерлер қайтадан сатылмаған, қазіргі уақытта ол пәтерлерде үлескерлердің өздері және олардың жақындары тұрады, әрбір отбасы үшін осы пәтер, мүмкін бір үлескерге рәсімделген болса да, шын мәнінде жалғыз өзінікі болып табылады. Көрсетілген азаматтардың басым көпшілігі аз қамтылған және әлеуметтік-қорғаусыз, оның ішінде жұмыссыздар, жетімдер және жалғыз басты аналар, олардың табыстары ипотеканың талаптарына сәйкес келмегендіктен үлестік шартқа қатысуды өздеріне рәсімдей отырып олардың туыстары көмектескен. Енді сол адамдарды далаға лақтырып тастайын деп отыр.
        Фракция депутаттары бастамашыл топ өкілдерін тыңдап, азаматтардың конституциялық құқықтарын қолдайтындарын айтты және уәкілетті меморгандарды әрбір нақты жағдайға тиянақты қарауға және мәжбүрлемелі түрде үйден шығару жағдайында қорғауға кепілдік беретін құқықтық нормаларды сақтауға шақырады. «Ақ жол»  ҚДП төрағасы А.Перуашевтің қолымен ҚР Президенті Әкімшілігіне, Бас Прокуратураға және Әділет Министрлігіне тиісті үндеулер жолданды.   
       «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлаушылардың заңды құқықтарын және мүдделерін қорғау бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.