ҚР Парламент мәжілісінің депутаты А.Тұртаев іс-сапармен Қазалы ауданында болды
2015 жылдың 18 тамызы, «Ақ жол» ҚДП ҚОФ баспасөз-қызметі
Тамыз айының 18 жұлдызында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты А.Тұртаев және бірқатар Сенат депутаттары іс-сапармен Қазалы ауданында болды.
А.Тұртаевтың Қазалы ауданындағы сапары Көларық, Арықбалық ауылдық округтерінде өтті. Кездесуде Алмас Ұзақұлы Парламентте қабылданған бірқатар заңдарға тоқталып, түсініктеме берді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары мен қоғамдастық мүшелерінің ұсыныс пікірлерін тыңдап, тұрғындар үшін түйіткілді шешімі табылмаған мәселелер: ауыз су, аяқ су тапшылығы сөз етілді. Кездесу соңында А.Тұртаев барлық айтылған ұсыныс-пікірлер мен мәселелер қаперге алынып, шешімін табу жолында жұмыс жасайтындығын айтты.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаты М.Өтеевтің құрылысы жүргізіліп жатқан мал бордақылау алаңында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесуде мәслихат депутаттары Ғ.Әліш, К.Бижанов, Ө.Түктібай сұрақтарын қойып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға келісті.