«Ақ жол» ҚДП Қостанайлық облыстық филиалын жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы Медиа Орталықтың жетекшісі Махаббат Жұтаев басшылыққа алды
2015 жылдың 22 маусымы, «Ақ жол» ҚДП Қостанайлық облыстық филиалы
Өткен сенбіде Қостанай қаласында өткен облыстық есеп беру-сайлау конференциясында «Ақ жол» ҚДП Қостанайлық облыстық филиалыныңжаңа басқарушы етіп Махаббат Жұтаевты сайлады. Ол кәсіпкерлік қызметпен 90 – жылдардан бастап айналысуда, қазіргі кезде «Сұйытылған газ базасы» ЖШС директоры болып қызмет атқарады. 2013 жылдан Қостанай қаласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Медиа Орталықты басқарған кезден бастап, аймақта кеңінен танымал бола бастады.
Конференция жұмысына облыстың барлық ауданынан 92 делегат, партия төрағасы Азат Перуашев, ОК хатшылары Берік Дюсембинов және Әбдіразақ Сұлтанов, үкіметтік емес ұйымдардың шақырылған өкілдері қатысты.
Сондай-ақ конференция партияның облыстық кеңесінің дербес құрамын жаңартты, өткен жылғы жұмыстың қорытындыларын талқылады.
Партия төрағасы ҚДП-ның жаңа мүшелеріне партбилеттерін табыстады. ҚДП қатарына кіргендердің ішінде - «Алаш» қозғалысының атақты қайраткері, қазақ жазушысы, ақын Мағжан Жұмабаевтың тікелей шөбересі, журналист Дастан Жұмабаев болғаны есте қаларлық.
Азат Перуашев бұрынғы төраға Өмірбек Сатмұхамбетовке филиалмен 10-жылдық басшылығы үшін алғыс білдірді: «Сіз «Ақ жолдың» облыстық ұйымдары төрағаларының ішіндегі ең тәжірибелісіз, және де мен Сізден осы жұмысыңызды жалғастыруды сұрадым. Бірақ конференция Сіздің таңдауыңызбен келісті, сондықтан филиалдың жаңа төрағасы Махаббат Жұтаевтың кандитурасы Орталық кеңестің жақын арадағы пленумында бекітілуге шығарылады».
Конференциядан кейін Азат Перуашев Қостанай облысындағы бірқатар объектілерге барып шықты және де партия белсенділерімен кездесті.