02
Қыркүйек

Санат жоқ 02.09.2015

Азат Перуашев: Девальвация жағдайында банктер жұмысының жандануына олардың алынған кепілдік мүліктерден – жылжымайтын мүліктен, кәсіпорындардан, техника мен құрылғылардан дереу құтылуы нақты көмегін тигізер еді

2015 жылдың 2 қыркүйегі, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Девальвация жағдайларындағы іскери банктер жұмысының жандануына олардың алынған кепілдік мүліктерден – жылжымайтын мүліктен, кәсіпорындардан, техника мен құрылғылардан дереу құтылуы нақты көмегін тигізер еді – деп атап өтті «Ақ жол» ҚДП парлменттік фракциясының жетекшісі Азат Перуашев өзінің «Адал саяси экономия» атты мақаласында.
Атап айтқанда, автор мемлекеттің банктерді қолдау мақсатында аз істер атқармайтынына назар аударады – Ұлттық қор мен БЖЗҚ қаражатпен толтырудан бастап, үмітсіз несиелер бойынша салықтарды жоюға дейін (осы тақырып бойынша кезекті заң жобасы Парламентке түскен).
 
'Екінші деңгейдегі банктер бағалардың кезекті өсуін күтіп дәмеленбеуі үшін соңғы мерзімдерді белгілеу қажет, одан кейін де  үмітсіз несиелерінен арылмаған, кепілдіктерін сатып құтылмаған  екінші деңгейдегі банктерді лицензияларынан айыру қажет! ' – деп ойлайды Азат Перуашев.
 
'Нарықта бағалары жағынан қолжетімді жылжымайтын мүліктің, өндірістік және сауда нысандарының пайда болуы жинақтары бар адамдарды ашуға, соған қаржыларын салып отыра, жүмыс орындарын ашып, өнімдерін шығарып отыруға ынталандырып, экономикаға мықты екпін берер еді. Ол тыныс ала алмай отырған шағын және орта бизнеске жағдай тудырып, жаңа меншік иелерінің ауқымды толқынын тудырар еді' – деп есептейді.
 
Алайда, банктердің пайыздық үстемелерін көтеруі мен несиелерді долларға байлап қоюлары жетіскендіктен емес. Бұған да Азат Перуашев қорғаныс шараларын ұсынуда: 'Ұлттық банк қысқа мерзімдер ішінде банктер үшін де, салымшылар үшін де, оның ішінде қор құралдары арқылы валюта тәуекелдерін хеджерлеудің түсінікті жүйесін құрастыруы тиіс'. Оның ойынша, бұл шара тағы бір девальвацияға жол бермеуде тіпті негізгі рөлдердің бірін атқаруы мүмкін.
'Мен ол жөнінде Қайрат Келімбетовпен әңгімелескенімде, ол  валюталық хеджерлеу жүйесінің бар екендігін, алайда... банктердің оны пайдаланғысы келмейтіндері туралы айтты. Бұл оның тиімділігінің,  бірақ тиімді пайдалана алмай отырғандықтың белгісі деп есептеймін. Яғни басқаша, одан да анағұрлым икемді жүйенің қажет болғаны. Әрі оның жасалуы Ұлттық банк үшін, менің түсінігімше, бірінші кезектегі міндет болып табылуы тиіс' – деп атап өтті ол.
 
Толық мәтінімен осы жерде танысуға болады: