07
Қазан

Санат жоқ 07.10.2015

«Ақ жол»: 2 млрд.теңге бюджеттік қаражат, тек «түйіршектер ұнтаққа қарағанда жақсы көндіккенінен» ғана импортты дәрі-дәрмекке жұмсалды

2015 жылдың  7  қазаны,»Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Тек «түйіршектер ұнтаққа қарағанда жақсы көндіккенінен» ғана, 2 млрд.теңге  бюджеттік қаражат импортты дәрі-дәрмек алу үшін жұмсалды ма? – осындай сұрақпен бүгін Мәжілістің пленарлық отырысы барысында денсаулық сақтау министріне фракцияның атынан Меруерт Қазбекова жүгінді.
Сауал үшін себеп болған «Қазақстанның Фарммединдустрия» Қауымдастығының үндеухаты болды, ол ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен отандық фармацептикалық зауыттардан, мәселен, елдегі ірі «Химфарм» АҚ кәсіпорынынан дәрі-дәрмектерді сатып алудың мөлшерінің жыл сайынғы  төмендеуіне байланысты алаңдаушылығын білдіреді.
«Соңғы 4 жылдың ішінде аталған зауыттың қайта жөндеуіне және  құрылысына «Польфарм» Польшаның  фармацептикалық компаниясының 100 млн. АҚШ доллары шамасында инвестиция салынғаны белгілі. Алайда,  2014 жылы «Химфарм» АҚ ауыр жағдайға түсті,  - деп айтылады сауалда. – Параминосалицил қышқылы (ПАСК) – еліміздің туберкулезге қарсы  клиникаларында және диспансерлерде ауру адамдарды емдеу үшін туберкулезге қарсы қолданылатын дәрі көптеген жылдар бойы «Химфарм» АҚ-нан  сатып алынды. Ал 2014 жылы Министрлікпен тура осындай дәрі үнділік өндірушіден 2 млрд.теңге сомасына  сатып алынды».
Сонымен бірге депутат атап кеткендей, олардың МАКПАС  түйіршіктелген дәрісінің бағасы, «Химфарм» АҚ  отандық кәсіпорынында  өндірілетін ПАСК  дәрісіне қарағанда  айтарлықтай көп болды.
Министрлікпен «түйіршіктер ұнтаққа қарағанда жақсы көндігеді» дегеннен басқа нақты түсініктеме берілген жоқ: не үшін 2 млрд.теңге  бюджеттік қаражат импортты дәрі-дәрмек сатып  алу үшін жұмсалды, - деп атап өтті Қазбекова. – Одан басқа, Министрлікпен СК «Фармация» арқылы ағымдағы жылдағыдай, келесі жылы да бұл дәріні үнділік компаниядан сатып алу жоспарланып отырғаны белгілі болды».
Сауалда  «Назарбаев Университеті»  сарапшыларымен өткізілген, тәуелсіз фармако-экономикалық зерттеудің нәтижелері келтіріледі, ол «Химфарм» АҚ өндірген дәріні қолданудың экономикалық  артықшылығын анық көрсетеді.
Мәселен, бір емделушіні жылына МАКПАС үнділік дәрісін қолданып емдеудің жалпы сомасы, ПАСК  отандық дәрісімен емдеуге ұқсас шығынына қарағанда, 3 528 теңге артық.
Қорытындысында, бір емделушінің еміне импортты дәріні қолданғандағы  жалпы шығындар  4 832 теңгеге қымбат болып келеді,  ал отандық  ПАСК дәрісімен керісінше, 25-30 пайызға төмен.
Зерттеу нәтижелері мемлекеттік бюджет және отандық фармаиндустрия үшін «Химфарм» АҚ-ның дәрісін қолдану экономикалық пайдалылығын көрсетеді.
«Сондай-ақ отандық өнімді қолданудың мультипликативтік тиімділігін ескеру қажет – фармаиндустриядағы жұмыс орындарының сақталуы, бюджетке салықтың түсуі, елдің валюталық қорының сақталуы, - деп санайды «ақжолдықтар». –  Қарама қарсы жағдайда, экономикалық тиімділігі аз дәрі-дәрмек, зауыттардың жұмыссыздығынан  бюджеттік салық шығыны,  валютаның резервтерін шығындау, жұмыс орындарын жоғалту, және, соның салдарынан, әлеуметтік шиеленісушілік аламыз, өйткені 200 жұмыс орнын қысқарту болжамданып отыр.
Осыған байланысты, «Ақ жол» депутаттары министрлікке  баяндалған мәселе бойынша түсініктемелер беруді сұрайды.
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы сайлау алды тұғырнамасын іске асыру және  отандық  өндірушілердің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.