19
Қазан

Санат жоқ 19.10.2015

Жаңа Жібек жолының бастамасы барлық қатысушы-елдердің ұлттық мүдделеріне жауап беруі тиіс, - деді Азат Перуашев Пекиндегі конференцияда


          2015 жылғы 1
9 қазан, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Жаңа Жібек жолының бастамасы барлық қатысушы-елдердің ұлттық мүдделеріне жауап беруі тиіс, - деп жариялады «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Пекинде ҚХР басшылығының «Бір белдеу – бір жол» бастамасын талқылап отырған Азияның саяси партияларының Халықаралық конференциясында сөз алу барысында.
«Бізді бүгін осында өз елдерінде, өз сайлаушылары мен мемлекеттік органдары арасында Жаңа Жібек жолының бастамасына («Бір белдеу – бір жол») қолдау көрсетіп, оны одан әрі жылжыта алатын партия ретінде шақырып отыр.
Ендеше, бұл бастаманың практикалық жағдайларына тоқталған жөн …
Бұл қатынаста маған кешегі кездесудегі ҚХР төрағасы Си Цзинпин мырзаның «Бір белдеу – бір жол» бастамасының тек ҚХР ғана емес, сол сияқты әр қатысушы-елдің мүдделеріне де жауап беретін болады деген негізгі тезисі жағымды болды,  - деді қазақстандық депутат. – Меніңше, бұл – негізгі мәселе. Себебі әр мемлекеттің ұлттық мүдделеріне сәйкестіксіз ешбір бастама өз қолдауын таба алмайды».
Азат Перуашев бүгінгі күні бұл мүдделердің, ең алдымен, қаржы ресурстарына қолжетімді болатынын атап өтті. Ал ҚХР аймақ елдеріне қаржылық қолдау көрсетуге қабілетті донорлардың бірі болып табылады.
«Біз қытайлық серіктестерімізге осы көмегі үшін алғысымызды білдіріп, мемлекеттіміздің көшбасшыларының бұндай келісімдерге жеткенін жоғары бағалаймыз.
Алайда, жоғары деңгейдегі келісімдерге толықтыру ретінде біз, парламенттік партия ретінде бизнеспен де, жергілікті қауымдастықтармен де кері байланысты қамтамасыз етуіміз, олармен көтерілетін мәселелерді қалыптастыруымыз керек», - деп есептейді ол.
Осыған орай «Ақ жол» көшбасшысы жаңа Жібек жолының қандай тәуекелдер мен қауіптерге шалдығатынын, әрі, керісінше, қандай мүмкіндіктер мен басымдықтарға жетелейтінін талқылауды ұсынды.
«Біріншісі – жаңа Жібек жолы жобасы лаңкестікке қарсы әрекеттер мен қауіпсіздік мәселелерін шеше ме? Мүмкін, ол басқа бірлестіктердің жауапкершілік төңірегі шығар, - мысал үшін ШҚҰ мен АСҚШК. Ендеше бұл жауапкершілік аймағын тіркеу қажет. Себебі Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы белгілі оқиғалар қолайсыз жалғасын табатын болса, кейбір көршілестеріміз үшін даму мәселелері екінші қатарға кететін болады.
Екінші мәселе – жобаларды қаржыландыру орасан көп қаражат ағымын білдіреді. Осыған байланысты жемқорлыққа қарсы мәселесі де көтеріледі. Егер де бөлінген инвестициялар жымқырылып, экономикамыздан кететін болса, оның біздің дамуыз бен халық өміріне әсері шамалы болуы мүмкін. Ендеше бұл жобаға қоғамдық сенімнің де, күтілетін нәтижесі де қайғылы. Осыдан бір ай бұрын Қазақстан мен Еуропарламенттің парламентаралық тобының отырысы барысында еуропалық әріптестеріме жемқорлыққа және ақшаның заңсыз шығарылуына қарсы әрекет бойынша бірлескен жұмыс тобын құрауды ұсындым. Осыған ұқсас механизмді «Бір белдеу – бір жол» бастамасы шеңберінде де дайындау мақсатты болады, - деп ойлайды Азат Перуашев.
Оған қоса, ұлттық мәселелер шеңберінде, оның ойынша, жобаларды оқшаулау міндеттерін шешу қажет болады, себебі егер де қытайлық инвестицияларға қытайлық компаниялар тартыатын болса, орталықтандырылған азиаттық мемлекеттер үшін «Бір белдеу – бір жол» бастамасынан алатын пайдасы шамалы.
«Ақ жол» КДП депутаттық фракциясының жетекшісі бірқатар техникалық мәселелерді де атап өтті:
«Егер де біз жаңа Жібек жолы туралы практикалық мағынада айтатын болсақ, онда техникалық реттеу үндестігімен анықталу да қажет, кері жағдайда өндірістік жобаларды бірлесіп іске асыру мүмкін емес. Сонымен қатар инвестициялық климат пен кәсіпкерлік бостандық, бизнеске арналған жеңілдіктер мен преференцияларды тең құқылы қолдану, адал бәсекелестікті қамтамасыз ету мәселелері туындайды.
Басқа да туындайтын мәселелер: бастама шектігінде еркін сауда аймағы туралы мәселе қозғалды ма? Не болмаса небір кедендік кеңістік туралы? Ол валюталық одақтың қалыптасуын қарастыра ма – мысалы, қатысушы-елдердің өзара есептесуіне арналған жалпы төлемдік бірлік ретінде қытайлық юаньді қабылдауды, бұл тіпті оған резервтік валюта дәрежесін беру туралы сөздің барлық деңгейлерде қозғалуында? Ал бұлар болса, қыржылық және банктік реттеу мәселелері ғой» - деп еске салды ол.
 
Сонымен қатар, Азат Перуашев «Кез келген қомақты жобаның бастапқы кезеңінде дұрыс қойылған мәселелер шешілуі табысқа дайын жауаптардан кем жемісін бермейді», - деп атап өтті.