14
Қантар

Санат жоқ 14.01.2013

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Парламенттегі фракция мүшелері Меруерт Қазбекова мен Нұрлан Жазылбеков «Ақ жол» партиясының Павлодар облыстық өкілдігінде азаматтарды қабылдады

14  қаңтар 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
2013 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Парламенттегі фракция мүшелері Меруерт Қазбекова мен Нұрлан Жазылбеков «Ақ жол» партиясының Павлодар облыстық өкілдігінде азаматтарды қабылдады. Қабылдауда 19 адам болды.
Қазақстан Республикасының «Чернобыль одағы» Заңды тұлғалар қауымдастығының төрағасы В. Г. Деймунд Чернобыль АЭС апаты зардаптарын жоюға атсалысқан азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамалық актілерді саралап, оларға тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы жазбаша түрде ұсыныс берді. 
«Мүгедектер, Чернобыльдықтар және Ауған соғысы ардагерлерінің Халықаралық одағы» Үйлестіру кеңесінің төрағасы В. Е. Чухломин барлық сауда орындары мен қызмет көрсету объектілерінде төлем карточкалары арқылы төлемдерді жүзеге асыратын қондырғыларды орнату мәселесін қарастыруды сұрады.
Локаль әскері ардагерлері Үйлестіру кеңесінің төрағасы
М. Б. Жұмаділов 1961 – 1980 жылдарда аса қауіпті    1980 – 1983 аймақтарда тұрған азаматтардың зейнет жасын қарастыру мүмкіндіктері туралы мәселені көтерді.
Азамат А. С. Макишев Еңбек батырлары М. Омаров пен
Ш. Арғынбаевтың құрметіне Ақсу қаласында бокс турнирін өткізу туралы өтінішін білдірді.
Ю. Гусаревич панасыз қалған жануарларға приют құру жөнінде өтінішін айтты.
Ю. Литвинова мен Г. Топанова мектеп жасына дейінгі балаларға арналған шағын орталықтар ашуға ықпал етулерін сұрады.
Павлодар қаласы Володар көшесінің тұрғындары Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі туралы көтерген мәселені толығымен қолдайтындарын жазбаша түрде білдірді.  Сондай–ақ, олар «Павлодар желілері»  ЖШС–нің   екі жылдан бері өздеріне  жүктелген міндеттерді орындамай келе жатқанын, «Бизнес жол картасы –2020» бағдарламасына сәйкес он жеті үйдің орталық жылу жүейсіне қосылмағандығы жөніндегі мәселені алға тартты.
Қабылдауда тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық пен қоғамдық көлік мәселелері бойынша сұрақтар қойылды. 
Депутаттар барлық көтерілген мәселелер бойынша көмектесуге уәде берді.